О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 11 апреля 2019 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 11 апреля 2019 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 03
- Қабылданған күні
- 20.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2020 147769_488513.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20RA001651
- ЭКБ идентификаторы
- 147769
- Редакция идентификаторы
- 147769_488513
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:14
0 Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01
"Алматы қаласы Алмалы ауданы
бойынша сайлау учаскелерін құру
туралы" шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 болып тіркелген, Алматы ақшамы" газетiнiң 2019 жылғы 13 сәуірде № 43-44 (5707) және "Вечерний Алматы" газетiнiң 2019 жылғы 13 сәуірде № 42-43 (13518-13519 сандарында жарияланған)) шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 1) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 40, 52, 53 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің № 01 қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2
2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әрі қарай мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялай отырып, осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы К.Қ. Әбiлқақоваға жүктелсiн.
4 4. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
6 Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімінің
2020 жылғы 20 қазаны № 03
шешіміне № 01 қосымша
№ 40 сайлау учаскесi
Шекаралары: Прокофьев көшесінен Ұзақбай Құлымбетов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Брусиловский көшесіне дейін; Брусиловский көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) № 163 үйді қоспағанда Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы), Прокофьев көшесінің № 148 үйді қоспағанда Ұзақбай Құлымбетов көшесіне дейін.
№ 52 сайлау учаскесі
Шекаралары: Ислам Каримов көшесінен Абай даңғылының тақ санды жағымен Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің жұп санды жағымен Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесінің батысқа қарай (солтүстік жағы) Брусиловский көшесіне дейін; Брусиловский көшесінің солтүстікке қарай (шығыс жағы) № 163 үйді қоса Ұзақбай Құлымбетов көшесіне дейін; Ұзақбай Құлымбетов көшесінің шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Ислам Каримов көшесіне дейін; Ислам Каримов көшесінің тақ санды жағымен Шәкәрім көшесіне дейін, Шәкәрім көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің батыс жағымен Абай даңғылына дейін.
№ 53 сайлау учаскесі
Шекаралары: Қарасай батыр көшесінен Розыбакиев көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің жұп санды жағымен Шәкәрім көшесіне дейін, Шәкәрім көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Ислам Каримов көшесіне дейін; Ислам Каримов көшесінің жұп санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің жұп санды жағымен Розыбакиев көшесіне дейін.