О внесении изменений и дополнений в решение акима Турксибского района города Алматы от 11 апреля 2019 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение акима Турксибского района города Алматы от 11 апреля 2019 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 02
- Қабылданған күні
- 04.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2020 148204_489630.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20RF001655
- ЭКБ идентификаторы
- 148204
- Редакция идентификаторы
- 148204_489630
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:56
0 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында
сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1539 болып тіркелген, 2019 жылы 16 сәуірде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасында:
1 1) № 422, 447, 457, 458, 459, 464, 478, 523 сайлау учаскелері орталықтардың атаулары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
2 2) № 522 сайлау учаскесінің атауы мен шекарасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
3 3) № 551, 552 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
4 4) Алматы қаласы Түрксіб ауданының аумағында № 594, 595 сайлау учаскелері құрылсын;
5 5) мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
«№ 594 сайлау учаскесі (орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Изатима Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы, Дегдар көшесі, 10/2 үй.
Шекарасы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Изатима Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы.
№ 595 сайлау учаскесі (орталығы: «Жалпы білім беретін № 198 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жас Қанат» шағынауданы, 129 үй.
Шекарасы: Рысқұлова даңғылынан Жаяу Мұса көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Көрімдік көшесіне дейін, Көрімдік көшесінен батысқа қарай «Жас Қанат» шағынауданындағы № 1/25, 1/26, 1/27, 1/28, 1/29, 1/30, 1/31, 1/32, 1/33, 1/34, 1/35, 1/36, 1/37, 1/38, 1/39, 1/40, 1/41, 1/42, 1/43, 1/44, 1/45, 1/46, 1/47, 1/48, 1/49, 1/50, 1/51, 1/56, 1/57, 1/58, 1/76, 1/77 көппәтерлі үйлерді қосқанда (32 үй)».
2 2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Түрксіб ауданның әкімі аппаратының басшысы Б.О. Торламбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2020 жылғы 4 қарашадағы
№ 02 шешіміне
1-қосымша
№ 422 сайлау учаскесі (орталығы: «Жалпы білім беретін № 31 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Гете көшесі, 263)
№ 447 сайлау учаскесі (орталығы: «Жалпы білім беретін № 85 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Урицкий көшесі, 2а)
№ 457 сайлау учаскесі (орталығы: «Жалпы білім беретін № 49 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Кассин көшесі, 47)
№ 458 сайлау учаскесі (орталығы: «Жалпы білім беретін № 49 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы, Кассин көшесі, 47)
№ 459 сайлау учаскесі (орталығы: «Аяжан» колледжі, білім мекемесі, Таласский көшесі, 1)
№ 464 сайлау учаскесі (орталығы: «Жалпы білім беретін № 17 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Гете көшесі, 177)
№ 478 сайлау учаскесі (орталығы: «Білім беретін № 142 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жұлдыз-1» шағынауданы, 20 үй)
№ 523 сайлау учаскесі (орталығы: «Жалпы білім беретін № 203 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Нұршашқан» шағынауданы, Досбол би көшесі, 31)
2 Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2020 жылғы 4 қарашадағы
№ 02 шешіміне
2-қосымша
№ 522 сайлау учаскесі (орталығы: Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының «Жас Қанат» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Жас Қанат» шағынауданы, 54/2)
Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Жаяу Мұса көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Бұқтырма көшесіне дейін, Бұқтырма көшесінің оңтүстік-шығысынан Құлжа тас жолына дейін, Құлжа тас жолының бойымен оңтүстікке қарай Рысқұлов даңғылына дейін.
3 Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2020 жылғы 4 қарашадағы
№ 02 шешіміне
3-қосымша
№ 551 сайлау учаскесі (орталығы: «Білім беретін № 198 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жас қанат» шағынауданы, 129 үй)
Шекарасы: Баймағамбетов көшесінің шығыс жағы бойынша № 314 үйден солтүстікке қарай Кіші Алматы өзенінің бойымен кинологиялық орталыққа дейін, кинологиялық орталықтан шығысқа қарай «Жас қанат» шағынауданының шекарасына дейін, «Жас қанат» шағынауданының оңтүстік-батыс шекарасының бойымен Баймағамбетов көшесіне дейін, Баймағамбетов көшесінің бойымен батысқа қарай, «Жас канат» шағынауданының № 1/34, 1/58, 1/76, 1/77 көппәтерлі үйлерін қоспағанда № 314 үйге дейін («Жас канат» шағынауданының жеке меншік үйлерін түгелдей қосқанда).
№ 552 сайлау учаскесі (орталығы: «Білім беретін № 198 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жас қанат» шағынауданы, 129 үй)
Шекарасы: «Жас Канат» шағынауданындағы № 1/5, 1/6, 1/7, 1/8, 1/9, 1/10, 1/11, 1/12, 1/13, 1/14, 1/15, 1/16, 1/17, 1/18, 1/19, 1/20, 1/21, 1/22, 1/23, 1/24 көппәтерлі үйлер (20 үй), Баймағамбетов көшесіндегі жеке меншік үйлерді қосқанда № 28 үйден бастап Кіші Алматы өзенінің бойымен Баймағамбетов көшесіндегі № 314 үйге дейін, ары шығысқа қарай «Жас Канат» шағынауданындағы № 1/32 үйге дейін.