О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 11 июня 2019 года № 1-03/137 «Об утверждении схемы пастбищеоборотов района Аққулы на основании геоботанического обследования пастбищ»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 11 июня 2019 года № 1-03/137 «Об утверждении схемы пастбищеоборотов района Аққулы на основании геоботанического обследования пастбищ»
- Атауы (қаз.)
- Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 1-03/137 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Аққулы ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03/230
- Қабылданған күні
- 06.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2024 202337_727089.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24PI10323A
- ЭКБ идентификаторы
- 202337
- Редакция идентификаторы
- 202337_727089
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:52
0 Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 1-03/137 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Аққулы ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 1-03/137 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Аққулы ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Аққулы ауданының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А.А.Машраповқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Аққулы ауданының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы
Аққулы ауданы
әкімдігінің 2024 жылғы
6 қарашадағы
№ 1-03/230 қаулысына
қосымша
Аққулы ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
11 маусымдағы № 1-03/137
қаулысына қосымша
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Аққулы ауданының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы