Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2019 года № 203 «О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан»

Жарлық · № 492 · қабылданған 02.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2019-no-203-ekb-193907/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2019 года № 203 «О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 492 ·02.03.2024
02.03.2024 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2019 года № 203 «О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 492 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2019 года № 203 «О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
492
Қабылданған күні
02.03.2024
Көрсетілген редакция
02.03.2024 193907_691454.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2400000492
ЭКБ идентификаторы
193907
Редакция идентификаторы
193907_691454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:52

0 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін

одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), олардың филиалдарын және үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, Қазақстанның Даму Банкін, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігін, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерін, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банк холдингтерін, банк конгломераттарын, банктердің ірі қатысушыларын, сақтандыру холдингтерін, сақтандыру топтарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларын, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерді, арнайы қаржы компанияларын, исламдық арнайы қаржы компанияларын, инвестициялық қорларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларды, кәсіби ұйымдарды, коллекторлық агенттіктерді, уақытша әкімшіліктерді (уақытша әкімшілерді), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 82-1), 82-2) 82-3) және 82-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«82-1) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартын бекіту;
82-2) зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу тәртібін айқындау;
82-3) зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандырушының жасалатын зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін белгілеу;
82-4) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін айқындау;»;
103) және 179) тармақшалар алып тасталсын;
205) және 206) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«205) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
206) банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар іскерлік қатынастарды қашықтан орнатқан жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды белгілеу;»;
мынадай мазмұндағы 207-1) және 207-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«207-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын келісу;
207-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есептеулер жүргізу қағидаларын келісу;».

2

2. Осы Жарлық, осы Жарлықтың 2024 жылғы 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы