О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 11 октября 2019 года № 45-499/VI «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Урджарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 11 октября 2019 года № 45-499/VI «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Урджарского района»
- Атауы (қаз.)
- Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қазанындағы № 45-499/VI «Үржар ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7-181/VIII
- Қабылданған күні
- 01.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.12.2023 189621_669313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FI017718
- ЭКБ идентификаторы
- 189621
- Редакция идентификаторы
- 189621_669313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:13
0 Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қазанындағы
№45-499/VI «Үржар ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау ережесін бекіту туралы» 2019 жылғы 11 қазанындағы №45-499/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6211) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау ережесін бекіту туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі
Үржар аудандық мәслихатының
2023 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 7-181/VIII шешіміне
қосымша
Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
ережесі
1 1. Осы Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау ережесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленіп, Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау және табыс ету тәртібін анықтайды.
2
2. Үржар ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі-Құрмет грамотасы) қызметтік бабындағы міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, ұзақ әрі мінсіз қызметті, экономикадағы, әлеуметтік саладағы, мәдениет және білім беру, денсаулық сақтау, заңдылықты, құқық қорғау, нығайту, қызмет көрсету саласындағы, қоршаған ортаны қорғау, жастарға тәрбие беру, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери, қоғамдық, мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтеріндегі маңызды жетістіктері үшін, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы жемісті жұмысы үшін, қайырымдылық қызметі және еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері үшін аудан азаматтары наградталады.
3
3. Үржар ауданының аумағында достық пен қоғамдастық ынтымақтастықтың нығаюына, әлеуметтік және экономикалық саясаттың іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдар еңбек және шығармашылық ұжымдармен, аудандық өкілді және атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен енгізіледі.
4 Құрмет грамотасының сипаттамасы
4. Наградтау парағында марапатталушының жеке басын, осы ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін және оның сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер мазмұндалады.
Наградтау парағына ұйымның, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен (бар болған жағдайда) бекітеді.
Құрмет грамотасының сипаттамасы
5 5. Құрмет грамотасының формасы:
мемлекеттік тілінде: «Үржар ауданының Құрмет грамотасы»;
орыс тілінде: «Почетная грамота Урджарского района».
Құрмет грамотасы, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілінде «Құрмет грамотасы» және орыс тілінде «Почетная грамота» жазулары бар қосымша жапсырмасы бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
6 6. Қосымша бет қалың жылтыр қағаздан екі жағына алтын түсті өрнек салынған, баспаханалық әдіспен бұктелмеген күйде орындалады.
7 7. Қосымша беттің сол жағының үстіңгі бөлігінде Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік туының бейнесі, бейненің астында «ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» деген жазу бар.
8 Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
8. Қосымша беттің оң жағында Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік туының бейнесі, бейненің астында наградталушының аты-жөнін, тегін және еңбегін көрсету үшін орын қалдырылған, әрі қарай «Үржар ауданының әкімі» және «Үржар аудандық мәслихатының төрағасы» мәтіні орналастырылған, қол қоюға, аты-жөнінің бірінші әріптерін көрсетіп, тегін, төменгі жағында тапсырылған күнін көрсетуге орын қалдырылған.
Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі