Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2019 года № 49 «О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей»

Қаулы · № 87 · қабылданған 28.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2019-no-49-ekb-139590/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2019 года № 49 «О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей» Қолданыста Қаулы ·№ 87 ·28.02.2020
28.02.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2019 года № 49 «О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей»

Қолданыста Қаулы ·№ 87 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2019 года № 49 «О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87
Қабылданған күні
28.02.2020
Көрсетілген редакция
28.02.2020 139590_447306.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000087
ЭКБ идентификаторы
139590
Редакция идентификаторы
139590_447306
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:51

0 «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы

11 ақпандағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 2, 23-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары
курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары осы
қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының (бұдан әрі – курсанттар, тыңдаушылар) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Курсанттардың, тыңдаушылардың шығындарын өтеу тәртібі

2 2. Курсанттарға, тыңдаушыларға:

1 1) стационарлық емделуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлігімен;

2

2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі.
Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында оқитын курсанттарға, тыңдаушыларға оқуға жіберу, тағылымдамадан өту, каникулдық демалысқа бару кезінде (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары өтеледі.

3

3. Арнаулы (әскери) оқу орындарында және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында оқитын курсанттарға және тыңдаушыларға шығындарды өтеуді курсанттар, тыңдаушылар штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал курсант, тыңдаушы қызметтен шығарылған жағдайда – таңдаған тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органның аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган) жүзеге асырады.

4 4. Курсанттардың, тыңдаушылардың жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.

5 5. Көлік уақтылы келмеген және (немесе) жөнелтілмеген жағдайларда, курсанттар, тыңдаушылар жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты ұсынады.

6 6. Шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін отыз жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында аталған мекемеге немесе аумақтық органға мынадай құжаттар ұсынылады:

1 1) курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

2 2) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3 3) жол жүру құжаттары;

4 4) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;

5

5) қажет болған жағдайда – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық айғақтарын көрсете отырып, қабылдаған стационарлық емі не медициналық тексерілу (куәландыру) туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

6 6) қажет болған жағдайда – Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжат;

7 7) құжаттарды өкіл арқылы беріп жіберген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

7

7. Ұлттық қауіпсіздік органдарының курсанттары, тыңдаушылары қызметтен шығарылған кезде шығындарды өтеген жағдайда, тұрғылықты жері бойынша курсант, тыңдаушы таңдаған аумақтық орган курсанттың, тыңдаушының қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.

8 8. Шығындарды өтеу Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

1 1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

2 2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

1.1 Шығындарды өтеуге арналған баянат

Көлікте жол
жүргені үшін арнаулы (әскери)
оқу орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына)
Шығындарды өтеуге арналған баянат
Сізден ________________________________________________________
______________________________________________________________
(оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
__________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.
Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________
______________________________________________________________
_____________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) (қолы)
______ жылғы «______» ______(жылы) (күні) (айы)
Бастық: ________________ _____________ ___________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
____________________________

1.2 Шығындарды өтеуге арналған өтініш

Көлікте жол
жүргені үшін арнаулы (әскери)
оқу орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына)
Кімнен: ____________________,
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
_______________________ тұратын
телефоны _________________
Шығындарды өтеуге арналған өтініш
Сізден ____________________________________________________ жол
(оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.
Тиесілі соманы ________________________________________________
_____________________________________________ аударуды сұраймын.
_________________ банктің № _____________________________ филиалы
Дербес немесе карт-шот _________________________________________
Алушының ЖСН _________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________
..._______________________________________________________________
____ жылғы «____» _______ Өтініш беруші ______ _________________
(күні) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы)
Бастық: ________________ __________ _________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
_______________________

1.3 Анықтама

Көлікте жол
жүргені үшін арнаулы (әскери)
оқу орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Анықтама
____________________________________________________________
берілді, (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
оған ___________________________________________________________
(емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)
________________________________________________________________
(медициналық айғақтары көрсетіледі)
___________________________________ медициналық айғақтары бойынша
______ жылғы «____» _________ бастап _____ жылғы «____» _________
аралығында ________________________________________ көрсетілді.
(медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)
Анықтама көлікпен жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.
М.О.
Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)
төрағасы ______________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
_____________________

Қолданыстағы