Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 июля 2019 года № 500 «Об утверждении Правил представления управляющей компанией специальной экономической и индустриальной зон отчетности»

Бұйрық · № 290 · қабылданған 15.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2019-no-500-ekb-142968/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 июля 2019 года № 500 «Об утверждении Правил представления управляющей компанией специальной экономической и индустриальной зон отчетности» Қолданыста Бұйрық ·№ 290 ·15.05.2020
15.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 июля 2019 года № 500 «Об утверждении Правил представления управляющей компанией специальной экономической и индустриальной зон отчетности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 290 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 июля 2019 года № 500 «Об утверждении Правил представления управляющей компанией специальной экономической и индустриальной зон отчетности»
Атауы (қаз.)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
290
Қабылданған күні
15.05.2020
Көрсетілген редакция
15.05.2020 142968_463968.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020669
ЭКБ идентификаторы
142968
Редакция идентификаторы
142968_463968
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:30

0 «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19021 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің этолондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті

1 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 15 мамыры № 290
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі міндетін атқарушының
2019 жылғы 11 шілдедегі № 500
бұйрығымен бекітілген
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Есептілікті ұсыну қағидалары

2 2. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы есептілікті уәкілетті органға және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығына мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL нысанында ұсынады.

3 3. Есепті күнгі жай-күйі бойынша қағаз жеткізгіштегі есептілікке арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы тұлға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қояды.

4 4. Электрондық нысанда есептілік ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілді жеткізудің көлік жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.

5

5. Есептегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ электрондық нысанда ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басшысы, ал ол болмаған жағдайда-оның міндетін атқарушы тұлға қамтамасыз етеді.

1.1 Арнайы экономикалық және

индустриялық аймақтардың басқарушы
компаниясының есептілікті ұсыну
қағидаларына қосымша
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы.
Әкімшілік деректер нысаны: www.comprom.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректер нысандарының индексі: 1 – (АЭА).
Кезеңділік: жыл сайын арнайы экономикалық аймақтар үшін;
тоқсан сайын индустриялық аймақтар үшін.
Есепті кезең: 20___ жылғы ___ жартыжылдық
Ұсыну мерзімі:
- арнайы экономикалық аймақтар үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күніне;
- индустриялық аймақтар үшін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне қарай.
Нысан

Ар­найы эко­но­ми­ка­лық және ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тар­ды да­мы­ту стра­те­ги­я­сын­да көз­дел­ген ар­найы эко­но­ми­ка­лық және ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тар­дың жұ­мыс іс­те­уі­нің ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ла­ры­на қол жет­кі­зу бой­ын­ша ақ­па­рат
Қол­да­ны­с­та­ғы жо­ба­лар­дың тіз­бе­сі
Өн­ді­рі­ле­тін өнім­нің ата­уы
Жо­ба­ның құ­ны (мил­ли­он тең­ге)
нақ­ты ин­ве­сти­ци­я­лан­ған қа­ра­жат кө­ле­мі, оның ішін­де ше­тел­дік көз­дер­ден (мил­ли­ард тең­ге)
тұ­рақ­ты жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға бе­ру кү­ні
ор­на­лас­қан учас­ке (гек­тар)
та­у­ар­лар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (жұ­мыстар) өн­ді­рі­сі­нің кө­ле­мі (мил­ли­ард тең­ге)
жо­ба­лық қу­ат­тан өн­ді­рі­стің ағым­да­ғы үле­сі (пай­ы­здық мән­де)
ши­кі­заттық емес экс­порт­қа бағ­дар­лан­ған және жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лық өн­ді­ріс­ке ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі (мил­ли­ард тең­ге)
үле­сін көр­се­те оты­рып жо­ба­ға ше­тел­дің қа­ты­суы (егер бар бол­са)
өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мі­нен экс­порт­тың үле­сі
1
2
3
Кестенің жалғасы
Іс­ке асы­ру са­ты­сын­да­ғы жо­ба­лар­дың тіз­бе­сі
Бюд­жет қа­ра­жа­тын бө­лу (бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ны (рес­пуб­ли­ка­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті бюд­жет­ті және әкім­ші­ні көр­се­ту) және олар­дың нақ­ты иге­рі­луі (са­лы­нып жа­тқан-са­лын­ған объ­ек­ті­лер бой­ын­ша бө­лу),
оның ішін­де
өн­ді­рі­ле­тін өнім­нің ата­уы
жо­ба­ның құ­ны (мил­ли­он тең­ге)
жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (құ­ры­лыс ке­зе­ңін­де және пай­да­ла­ну ке­зе­ңін­де)
жжо­ба­ны іс­ке асы­ру мер­зім­де­рі (құ­ры­лы­стың ба­ста­лу және пай­да­ла­ну­ға бе­ру­дің жос­пар­лан­ған кү­ні)
ор­на­лас­қан учас­ке (гек­тар)
өн­ді­рі­стің жос­пар­лан­ған кө­ле­мі (заттай мән­де)
үле­сін көр­се­те оты­рып жо­ба­ға ше­тел­дің қа­ты­су (егер бар бол­са)
жо­ба­ның ағым­да­ғы мәр­те­бе­сі (құ­ры­лыс са­ты­сы, құ­ры­лыс мер­зім­де­рін бұ­зу, қар­жы­лан­ды­ру мә­се­ле­ле­рі және жо­ба­ны іс­ке асы­ру­ға бай­ла­ны­сты өзге де мә­лі­мет­тер)
иИн­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­сі­нің ата­уы және құ­ны, электр бе­ру же­лі­ле­рі, әкім­ші­лік ғи­ма­рат­тар, жол­дар және өзге де мә­лі­мет­тер
қар­жы­лан­ды­ру объ­ек­ті­сі (қу­а­ты, ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­сі­нің тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры (ки­ло­Ват, тек­ше метр және жо­ба­ны іс­ке асы­ру­ға бай­ла­ны­сты өзге де мә­лі­мет­тер)
құ­ры­лыс ке­зе­ңі (тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме, жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма, құ­ры­лыс-мон­таж жұ­мыста­ры)
ин­фра­құ­ры­лым­ға бө­лін­ген жер учас­ке­ле­рі­нің ала­ңы
4
5
Кестенің жалғасы
ар­найы эко­но­ми­ка­лық неме­се ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тың қа­ты­су­шы­сы ре­т­ін­де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы шар­ттар­дың орын­да­лу мо­ни­то­рин­гі;
ар­найы эко­но­ми­ка­лық және ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тар­дың қыз­ме­тін же­тіл­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ным­дар.
5
6
7
ин­фра­құ­ры­лым­ның дай­ынды­ғы (оның ішін­де пай­ы­здық мән­де)
құ­ры­лыс кесте­сіне сәй­кес пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
ин­фра­құ­ры­лым­ның тең­ге­рім ұста­у­шы­сы
үш жыл­дық ке­зең­ге ин­фра­құ­ры­лым­ға жос­пар­лан­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жиы­ны мил­ли­он тең­ге (жыл­дар бой­ын­ша бө­лу)
Орындаушы: ___________________________________________________ ________
тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы
Басқарма басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам:
_______________________________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы
Мөрдің орны (бар болған кезде)

1.2 Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

Арнайы экономикалық және
индустриялық аймақтар қызметінің
нәтижелері туралы есеп
нысанына қосымша
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есеп (индексі: 1 - (АЭА), кезеңділігі жыл сайын, тоқсан сайын)
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есеп нысаны:
1-бағанда реттік сан нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реттік сан бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
2-бағанда арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту стратегияларында көзделген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша ақпарат көрсетіледі.
3-бағанда мыналарды көрсете отырып, қолданыстағы жобалардың тізбесі көрсетіледі: өндірілетін өнімнің атауы; жобаның құны (миллион теңге); нақты инвестицияланған қаражат көлемі, оның ішінде шетелдік көздерден (миллиард теңге); тұрақты жұмыс орындарының саны; өндірістік объектіні пайдалануға беру күні; алып отырған учаске (гектар); тауарлар мен қызметтер көрсетілетін (жұмыстар) өндірісінің көлемі (миллиард теңге); өндірістің жобалық қуатынан ағымдағы үлесі (пайыздық мәнде).; шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндіріске инвестициялардың көлемі (миллиард теңге); үлесін көрсете отырып, жобаға шетелдің қатысуы (егер бар болса); өндірістің жалпы көлемінен экспорттың үлесі.
4-бағанда мыналарды көрсете отырып, іске асыру сатысындағы жобалардың тізбесі көрсетіледі: өндірілетін өнімнің атауы; жобаның құны (миллион теңге); жұмыс орындарының саны (құрылыс кезеңінде және пайдалану кезеңінде); жобаны іске асыру мерзімдері (құрылыстың басталу және пайдалануға берудің жоспарланған күні); алып отырған учаске (гектар); өндірістің жоспарланған көлемі (заттай мәнде); үлесті көрсете отырып, жобаға шетелдің қатысуы (егер бар болса).); жобаның ағымдағы мәртебесі (құрылыс сатысы, құрылыс мерзімдерін бұзу, қаржыландыру мәселелері проблемалар және жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер).
5-бағанда бюджет қаражатының бөлінуі (бюджеттік бағдарламаны (республикалық және (немесе) жергілікті бюджетті және әкімшіні көрсету) және олардың нақты игерілуі (салынып жатқан-салынған объектілер бойынша бөлу), оның ішінде: инфрақұрылым объектісінің, атауы мен құны электр беру желілері, әкімшілік ғимараттар, жолдар және өзге де мәліметтер; қаржыландыру объектісі (қуаты, инфрақұрылым объектісінің техникалық сипаттамалары (килоВат, текше метр және жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер) көрсетіледі.); құрылыс кезеңі (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаж жұмыстары); инфрақұрылымға бөлінген жер учаскелерінің алаңы; инфрақұрылымның дайындығы (оның ішінде пайыздық мәнде); құрылыс кестесіне сәйкес пайдалануға беру күні; инфрақұрылымның теңгерім ұстаушысы; үш жылдық кезеңге инфрақұрылымға жоспарланған инвестициялардың жиыны миллион теңге (жылдар бойынша бөлу).
6-бағанда арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың орындалу мониторингі көрсетіледі.
7-бағанда арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

Қолданыстағы