О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Шымкент от 11 декабря 2019 года № 58/508-6с «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций и о признании утратившим силу решение Шымкентского городского маслихата от 17 марта 2016 года № 58/450-5с «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Шымкент от 11 декабря 2019 года № 58/508-6с «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций и о признании утратившим силу решение Шымкентского городского маслихата от 17 марта 2016 года № 58/450-5с «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»»
- Атауы (қаз.)
- «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/450-5с шешімінің күшін жою туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/508-6с шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63/555-6с
- Қабылданған күні
- 03.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2020 141403_468627.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20E0000097
- ЭКБ идентификаторы
- 141403
- Редакция идентификаторы
- 141403_468627
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:15
0
«Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/450-5с шешімінің күшін жою туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/508-6с шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы №58/450-5с шешімінің күшін жою туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/508-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №78 болып тіркелген, 2019 жылғы 23желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
7
«7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш берілген кезде осы Тәртіптің 4 және 5-тармақтарының талаптары сақталмаған жағдайда Шымкент қаласының әкімдігі жіберілген кемшіліктерді жоюды түсіндіре отырып, ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі оның түскен сәтінен бастап есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармағымен толықтырылсын:
7-1 «7-1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес, өтініш иесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған органға немесе сот органдарына жүгінуге құқылы.»;
19-тармақтын 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: