О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2019 года № 758 «О создании специальной экономической зоны «Qyzyljar»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2019 года № 758 «О создании специальной экономической зоны «Qyzyljar»
- Атауы (қаз.)
- «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 06.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2020 141161_452185.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000176
- ЭКБ идентификаторы
- 141161
- Редакция идентификаторы
- 141161_452185
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:12
0 «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 4) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес шектерде Петропавл қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.
«Qyzyljar» АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 197,3 гектарды құрайды.»;
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекараларының ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Qyzyljar»
арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекараларының
ЖОСПАРЫ
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) Петропавл қаласының шекарасында «субаймақ» түріндегі 4 бос алаңда
(№ 1 субаймақ – 15 га, № 2 субаймақ – 7,3 га, № 3 субаймақ – 160 га, № 4 субаймақ – 15 га) орналасқан. «Qyzyljar» АЭА жалпы ауданы – 197,3 га.
«Qyzyljar» АЭА № 1 субаймағы
Аумақ қаланың орталығында орналасқан, Парковая көшесі. Ауданы –15 га.
«Qyzyljar» АЭА № 2 субаймағы
Аумақ Береке шағын ауданы, Нефтепроводная көшесінде орналасқан. Ауданы – 7,3 га.
«Qyzyljar» АЭА № 3 субаймағы
Аумақ айналма жол ауданында орналасқан, Промышленная көшесі, ЖЭО 2. Ауданы – 160 га.
«Qyzyljar» АЭА № 4 субаймағы
Аумақ Шығыс шағын ауданы ауданында орналасқан. Ауданы – 15 га.
___________________