Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2019 года № 758 «О создании специальной экономической зоны «Qyzyljar»

Қаулы · № 363 · қабылданған 01.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2019-no-758-qyzyljar-ekb-156275/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2019 года № 758 «О создании специальной экономической зоны «Qyzyljar» Қолданыста Қаулы ·№ 363 ·01.06.2021
01.06.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2019 года № 758 «О создании специальной экономической зоны «Qyzyljar»

Қолданыста Қаулы ·№ 363 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2019 года № 758 «О создании специальной экономической зоны «Qyzyljar»
Атауы (қаз.)
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
363
Қабылданған күні
01.06.2021
Көрсетілген редакция
01.06.2021 156275_526768.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000363
ЭКБ идентификаторы
156275
Редакция идентификаторы
156275_526768
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:59

0 «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Qyzyljar» АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 212,3 гектарды құрайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. АЭА-ны құру мақсаттарына сәйкес келетін оның қызметінің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

3 «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Qyzyljar»
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге қосымша
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы Петропавл қаласының шекарасында «қосалқы аймақ» түріндегі 4 бос алаңда орналасқан (№ 1 қосалқы аймақ – 15 га, № 2 қосалқы аймақ – 7,3 га, № 3 қосалқы аймақ – 160 га, № 4 қосалқы аймақ – 30 га). «Qyzyljar» АЭА-ның жалпы ауданы – 212,3 га.
«Qyzyljar»АЭА-ның № 1 қосалқы аймағы
Аумағы қаланың орталығында орналасқан, Парковая көшесі. Ауданы – 15 га.
«Qyzyljar»АЭА-ның № 2 қосалқы аймағы
Аумағы Береке шағын ауданында орналасқан, Нефтепроводная көшесі. Ауданы – 7,3 га.
«Qyzyljar» АЭА-ның № 3 қосалқы аймағы
Аумағы айналып өтетін айналма жол ауданында орналасқан, Промышленный
көшесі, ЖЭО-2. Ауданы – 160 га.
«Qyzyljar» АЭА-ның № 4 қосалқы аймағы
Аумағы Шығыс шағын ауданында орналасқан. Ауданы – 30 га.
_________________________

Қолданыстағы