О внесении изменения в постановление акимата от 11 февраля 2020 года № 19 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 11 февраля 2020 года № 19 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 19 «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 08.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2020 149519_496426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NK009618
- ЭКБ идентификаторы
- 149519
- Редакция идентификаторы
- 149519_496426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:17
0 Әкімдіктің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 19 «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 11 ақпандағы № 19 қаулысына (2020 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8974 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2020 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Әкімдіктің
2020 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 196 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2020 жылғы 11 ақпандағы
№ 19 қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік -аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1
2
3
4
5
6
1
Қамысты ауданы Қамысты ауылы
«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Айналайын» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
140
45729
3 жасқа дейін -8672
3 жастан бастап-10807
2
Қамысты ауданы Қарабатыр ауылы
«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
45
39980
3 жасқа дейін -6100
3 жастан бастап-6700
3
Қамысты ауданы Алтынсарин ауылы
«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
108
39475
3 жасқа дейін -7480
3 жастан бастап-8511