Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 21/323 «Об определении количества избираемых депутатов маслихатов»

Қаулы · № 1/402 · қабылданған 15.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2020-no-21323-ekb-154672/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 21/323 «Об определении количества избираемых депутатов маслихатов» Қолданыста Қаулы ·№ 1/402 ·15.04.2021
15.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 21/323 «Об определении количества избираемых депутатов маслихатов»

Қолданыста Қаулы ·№ 1/402 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 21/323 «Об определении количества избираемых депутатов маслихатов»
Атауы (қаз.)
«Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1/402
Қабылданған күні
15.04.2021
Көрсетілген редакция
15.04.2021 154672_517769.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022542
ЭКБ идентификаторы
154672
Редакция идентификаторы
154672_517769
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:37

0 «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы»

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
Тиісті қалалық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны елу мың адамға дейін болған кезде он бір депутат.
Есептеулерде халық саны жиырма бес мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті органның 2020 жылғы 1 маусымдағы деректеріне сәйкес есепке алынады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды.»;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
Тиісті аудандық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны он бес мың адамға дейін болған кезде он депутаттан.
Есептеулерде халық саны он бес мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті органның 2020 жылғы 1 маусымдағы деректеріне сәйкес есепке алынады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды».

2 2 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы