Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-251/2020 «Об утверждении правил осуществления деятельности банка тканей»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-71 · қабылданған 30.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2020-no-2512020-ekb-157576/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-251/2020 «Об утверждении правил осуществления деятельности банка тканей» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-71 ·30.07.2021
30.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-251/2020 «Об утверждении правил осуществления деятельности банка тканей»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-71 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-251/2020 «Об утверждении правил осуществления деятельности банка тканей»
Атауы (қаз.)
«Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-71
Қабылданған күні
30.07.2021
Көрсетілген редакция
30.07.2021 157576_533126.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023826
ЭКБ идентификаторы
157576
Редакция идентификаторы
157576_533126
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:20

0 «Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21770 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тіндер банкі - медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде кейіннен трансплантаттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) алуды, дайындауды, консервациялауды, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік медициналық ұйым, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдар, сондай-ақ «Назарбаев Университеті» медициналық ұйымы.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тіндерді (тіннің бөлігін) сақтауға пайдаланылатын үй-жайлар (аймақтар) «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында  көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы