О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-251/2020 «Об утверждении правил осуществления деятельности банка тканей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-251/2020 «Об утверждении правил осуществления деятельности банка тканей»
- Атауы (қаз.)
- «Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-160
- Қабылданған күні
- 28.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2022 176636_615438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031521
- ЭКБ идентификаторы
- 176636
- Редакция идентификаторы
- 176636_615438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:14
0 «Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21770 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 211-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 211-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тіндер банкі мынадай тіндерді (тіннің бөлігін) дайындауды және сақтауды жүзеге асырады:
1) тері;
2) сүйектер;
3) шеміршек;
4) сіңірлер;
5) қатты ми қабығы;
6) тамыр;
7) жүрек клапандары;
8) амниотикалық қабық;
9) жануарлардың тіндері (тері, сүйек, ішперде, перикард, сүйек);
10) мөлдір қабықтар.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.