Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 363 «Об утверждении Правил управления профессиональными рисками»

Бұйрық · № 524 · қабылданған 28.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2020-no-363-ekb-176493/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 363 «Об утверждении Правил управления профессиональными рисками» Қолданыста Бұйрық ·№ 524 ·28.12.2022
28.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 363 «Об утверждении Правил управления профессиональными рисками»

Қолданыста Бұйрық ·№ 524 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 363 «Об утверждении Правил управления профессиональными рисками»
Атауы (қаз.)
Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 363 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
524
Қабылданған күні
28.12.2022
Көрсетілген редакция
28.12.2022 176493_611212.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031393
ЭКБ идентификаторы
176493
Редакция идентификаторы
176493_611212
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:16

0 Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 363 бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 363 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 21197 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидалары

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 524 бұйрығына
қосымша
Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіптік тәуекелдерді идентификациялау және бағалау, түзетуші шаралары, кәсіптік тәуекелді бақылау және мониторингілеуді қамтитын кәсіптік тәуекелдерді басқару тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі - ЕҚБЖ) – еңбекті қорғау жөніндегі саясатты іске асыру, еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау, кәсіптік тәуекелдерді басқару жөніндегі өзара байланысты іс-шаралар кешені;

2 2) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

3 3) кәсіптік тәуекел (бұдан әрі - КТ) – еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің еңбекке қабілеттілігінен айырылу (не қайтыс болу) тәуекелі;

4 4) кәсіптік тәуекелді бағалау (бұдан әрі - КТБағ) – ұйымдағы тәуекелдерді сәйкестендіру туралы ақпаратты талдау және науқастану мен өндірістік жарақаттану, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу туралы статистикалық деректер негізінде кәсіптік тәуекел дәрежесін айқындау;

5 5) кәсіптік тәуекелдерді басқару (бұдан әрі - КТБасқ) – кәсіптік тәуекелдерді сәйкестендіруді және бағалауды, түзету шараларын, кәсіптік тәуекелді бақылауды және оның мониторингін қамтитын, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі;

6 6) өндірістік жабдық – жұмыс, өндіріс үшін қажетті машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және басқа да техникалық құралдар.

2 2-тарау. Кәсіптік тәуекелдерді басқару тәртібі

3 3. КТБасқ келесі рәсімдерден тұрады:

КТ-ді идентификациялау;
КТБағ;
түзетуші шаралар;
КТ бақылау және мониторингілеу.

4 4. КТБасқ рәсімін жүргізу мыналарды қамтиды:

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес КТБасқ рәсімдерін жүргізуді ұйымдастыруды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жүзеге асырады, ол болмаған жағдайда кәсіпорын басшысы КТ, КТБағ сәйкестендіруді жүргізу, КТБағ нәтижелері бойынша түзету шараларын әзірлеу, бақылау және мониторингтеу және оның мүшелері арасында өкілеттіктер мен міндеттерді бөлу үшін сараптама тобының құрамын айқындайды;
КТБағ жүргізілетін барлық кәсіптер (лауазымдар) немесе кәсіптік топтардың тізбесін ескере отырып, бағалау объектілерін айқындау, КТБағ өткізу кестесін әзірлеу, бағалауды жүргізетін адамдарды тағайындау.

1 1-параграф. Кәсіптік тәуекелдерді идентификациялау

5

5. КТ-ді идентификациялау әрбір кәсіп (лауазым) (жұмыс орны) бойынша өндірістік (технологиялық) процестер мен қызмет түрлері бөлігінде өндірістік факторлардың (механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық) жұмыскердің ағзасына әсерін ескере отырып еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің еңбек қабілеттілігін жоғалтуына (немесе өліміне) алып келуі мүмкін өндірістік факторларды анықтау үшін жүргізіледі.

6 6. Жұмыскердің организміне физикалық әсер етудің өндірістік факторларына (Ф) мыналар жатады:

микроклимат (Ф1), оның ішінде:

1 1) ауа температурасы – Ф1.1;

2 2) ауа қозғалысының жылдамдығы – Ф1.2;

3 3) ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – Ф1.3;

4 4) ТНС-индексі – Ф1.4;

5 5) атмосфералық (барометрлік) қысым – Ф1.5;

6 6) жылу сәулесі – Ф1.6.

сәулелену (Ф2), оның ішінде:

1 1) иондамайтын электромагниттік өрістер және сәулелену – Ф2.1;

2 2) иондаушы сәуле – Ф2.2;

3 3) инфрақызыл сәуле – Ф2.3;

4 4) ультракүлгін сәулелер – Ф2.4;

5 5) лазерлік сәулелену – Ф2.5;

6 6) рентген сәулесі – Ф2.6.

виброакустикалық факторлар (Ф3), оның ішінде:

1 1) шу – Ф3.1;

2 2) діріл (жалпы және жергілікті) – Ф3.2;

3 3) инфрадыбыс – Ф3.3;

4 4) ультрадыбыс – Ф3.4.

жарықтандыру (Ф4), оның ішінде:

1 1) жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы – Ф4.1;

2 2) жарықтың жоғары жарықтығы – Ф4.2.

ауаның аэрозольдық құрамы (Ф5), оның ішінде:

1 1) жоғары және орташа фиброгенді аэрозольдер – Ф5.1;

2 2) әлсіз фиброгенді аэрозольдер – Ф5.2.

Жұмыскердің организміне химиялық әсер етудің өндірістік факторларына (Х) мыналар жатады:

1 1) 1-4 сыныпты зиянды химиялық заттар (Х1);

2 2) жіті уланудың дамуы үшін қауіпті заттар (қатты бағытталған және тітіркендіретін) (Х2);

3 3) канцерогендер (Х3);

4 4) аллергендер (жоғары және орташа қауіпті) (Х4);

5 5) ісікке қарсы дәрілер, гормондар (Х5);

6 6) есірткі анальгетиктері (Х6);

7 7) бейорганикалық заттар (Х7).

Жұмыскердің организміне биологиялық әсер етудің өндірістік факторларына (Б) мыналар жатады:

1 1) патогенді микроорганизмдер (Б1);

2 2) микроорганизмдердің басқа түрлері (өсімдіктер мен жануарлар) (Б2).

Жұмыскердің организміне психофизиологиялық әсер етудің өндірістік факторларына (П) мыналар жатады:

1 1) еңбек процесінің ауырлығы (П1);

2 2) еңбек процесінің қауырттылығы (П2).

Қауіпті өндірістік факторларға (механикалық әсерге) мыналар жатады:
Жұмыс аймағындағы құлау (М1), оның ішінде:

1 1) жұмыскердің биіктіктен құлауы – М1.1;

2 2) жұмыскердің қозғалу кезіндегі құлауы (бір нүктеден екінші нүктеге дейін) – М1.2;

3 3) жұмыскерге заттардың түсуі, құлауы, опырылуы – М1.3;

4 4) ғимараттардың, құрылыстардың және олардың элементтерінің құлауы, қирауы - М1.4.

Жол-көлік оқиғасы (М2), оның ішінде:

1 1) кәсіпорын аумағы бойынша қозғалу кезінде көлік құралының басып кетуі – М2.1;

2 2) көліктегі авариялар – М2.2.

Өндірістік механизмдердің, машиналардың және жабдық бөліктерінің әсері (М3), оның ішінде:

1 1) жабдықтардың, механизмдердің, машиналардың қозғалатын және айналатын бөліктерінің әсері ( соққы, қармау, қысу) – М3.1;

2 2) өткір бұрыштары, жиектері, қабыршақтары және тегіс емес беттері бар өндірістік жабдық конструкциясы элементтерінің әсері, сондай-ақ жұмыскер қозғалған кезде жабдық бетінің жоғары және төмен температурасының әсері – М3.2.

Электр қауіпсіздігі, өрт және жарылыс қауіпсіздігі М.4, оның ішінде:

1 1) электр тогының соғуы – М4.1;

2 2) өрт немесе жарылыс қаупі (үйкеліс немесе жоғары қысым) – М4.2.

7 7. КТ идентификациясы мыналарды қамтиды:

КТБ үшін ақпарат жинау және оны құжаттамалық талдау;
жұмыс орнын техникалық тексеру және визуалды шолудан, жұмыс барысын бақылау және қызметтің жұмыс қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін анықтаудан, өндірістік орта мен еңбек процесінің барлық сипаттамаларын: жұмыс орнын, өндірістік жабдықтар мен машиналарды, материалдарды, жұмыс технологиясы мен әдістерін зерделеуден;
әрбір кәсіп (лауазым) (жұмыс орны) бойынша өндірістік (технологиялық, бизнес-процестер) процестер мен қызмет түрлері бөлігінде еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына (немесе өліміне) алып келетін өндірістік факторлардың тізбесі. Кәсіпорын бойынша кәсіптік тәуекел тізбесін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кәсіпорын басшысы бекітеді.

8 8. КТ сәйкестендіру нәтижелері бойынша, егер орындалатын жұмыстардың сипаты бірдей және еңбек жағдайлары ұқсас кәсіптер (лауазымдар) (жұмыс орындары) болса, КТБ үшін бір кәсіптік топты немесе бір жұмыс орнын таңдауға рұқсат етіледі.

2 2-параграф. Кәсіптік тәуекелдерді бағалау

9 9. КТБағ кәсіпорын бойынша кәсіптік тәуекел тізілімінде көрсетілген барлық өндірістік факторларға жатады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес КТБағ (жеке) хаттамасымен ресімделеді.

10 10. КТБағ әрбір кәсіп (жұмыс орны) өндірістік (технологиялық) процесстер (технологиялық, бизнес-процестер) және қызмет түрі бөлінісінде жүргізіледі.

11

11. КТБағ өндірістік (технологиялық) процестер (технологиялық, бизнес-процестер) және ұйым қызметінің түрлері бөлінісінде әрбір кәсіп (жұмыс орны) бойынша еңбек жағдайларын олардың Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне кешенді бағалауды қамтиды және мыналардан тұрады:

1 1) еңбек жағдайларының зияндылығын (зиянды өндірістік факторлардың әсерін) бағалау;

2 2) еңбек жағдайларының жарақат алу қаупін бағалау (қауіпті өндірістік факторлардың әсері);

3 3) өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін бағалау;

4 4) жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуді бағалау;

5 5) сырқаттанушылықты бағалау.

12 12. Еңбек жағдайларының зияндылығын (зиянды өндірістік факторлардың әсерін) бағалау жұмыскердің организміне физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық әсер етудің өндірістік факторлары бойынша жүргізіледі.

Еңбек жағдайларының зияндылығын бағалау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес сенімді өлшеу құралдарын пайдалана отырып, зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін зертханалық және аспаптық өлшеу және оларды белгіленген нормативтермен салыстыру негізінде жүргізіледі.
Жерасты көмір шахталарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Еңбек жағдайларының зияндылығын бағалауды жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін пайдалана отырып, олар болған кезде және соңғы аттестаттауды өткізу мерзімі 5 (бес) жылдан аспайтын жағдайда жүргізуге рұқсат етіледі.

13 13. Еңбек жағдайларының жарақат алу қаупін бағалау қауіпті өндірістік факторлар (механикалық әсер ету) бойынша жүргізіледі.

Еңбек жағдайларының жарақат алу қаупін бағалау еңбек процесінің мазмұнын, функционалдық міндеттерін және орындалатын жұмыстардың түрлерін айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

14

14. Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін бағалау өндірістік жабдық жөніндегі құжаттаманың болуын (пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың болуы, пайдалануға берілген күні, пайдалану мерзімі, тексеру актілері) және өндірістік жабдықтың конструкциясына және оның жекелеген бөліктеріне жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұжымдық (жеке) қорғау құралдарының болуын кешенді тексеру негізінде оның жұмыс орнында әрбір кәсіп (лауазым) бойынша жүргізіледі.
Өндірістік жабдық бойынша құжаттаманың болуын тексеру (өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін құжаттамалық бағалау) құжаттамалық талдау негізінде жүзеге асырылады:

1 1) техникалық құжаттама (паспорт);

2 2) пайдалану құжаттамасында пайдалану жөніндегі нұсқаулық және технологиялық регламент (нормативтік құқықтық актілерде талаптар болған кезде);

3 3) өндірістік жабдыққа қызмет көрсету, жөндеу, тексеру, диагностикалау бойынша құжаттама (нормативтік құқықтық актілерде талаптар болған кезде);

4 4) өндірістік жабдықтың пайдалануға берілген күнге және техникалық құжаттамада және пайдаланудың қалдық немесе ұзартылған мерзімін растайтын құжатта көзделген мерзімге пайдалану мерзіміне сәйкес келуі;

5 5) өндірістік жабдық жиынтығына кіретін өлшеу құралдарын тексеру немесе калибрлеу туралы сертификаттарды қамтуға тиіс.

Өндірістік жабдықтың конструкциясына және оның жекелеген бөліктеріне жеке және ұжымдық қорғану құралдарының болуын тексеру (өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін көзбен шолып-техникалық бағалау) Өндірістік жабдықтың белгіленген нормативтік-техникалық құжаттамада Өндірістік жабдықты пайдалана отырып жұмыстар жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкестігін көзбен қарап тексеру және техникалық бақылау негізінде жүзеге асырылады.

15

15. Жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз (әрі қарай - ЖҚҚ) етілуін бағалау әрбір кәсіп (лауазым) (кәсіптік топтар, жұмыс орны) бойынша ЖҚҚ-ның барлық атаулары бойынша норманы көрсете отырып, ЖҚҚ беруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың болуына; оларды берудің белгіленген нормаларына сәйкес ЖҚҚ-ның нақты болуына; ЖҚҚ пайдалануға арналған сапа сертификаттарының болуына қойылатын талаптардың орындалуын кешенді тексеру негізінде жүргізіледі.

16

16. Сырқаттанушылықты бағалау кәсіптің (лауазым), құрылымдық бөлімшенің атауын, жынысын, жасын, АХЖ-10 бойынша ауру кодын (аурулардың халықаралық сыныптамасы), еңбекке уақытша жарамсыздықтың түрін (жарақат немесе ауру), емдеу режимін (амбулаториялық немесе стационарлық), еңбекке жарамсыздық кезеңін және күндердің жалпы санын көрсете отырып, жұмыскерлердің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша бастапқы еңбекке жарамсыздығы деректер негізінде жүргізіледі.
Бастапқы деректерді есепке алу және жүйелеу үшін осы Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын тіркеу Журналын жүргізіледі.
Жұмыскерлердің сырқаттанушылығын бағалау осы мамандық жұмыскерлерінің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын кешенді талдау негізінде мынадай үш көрсеткіш бойынша жүргізіледі: еңбекке уақытша жарамсыздықтың жиынтық ұзақтығы (еңбекке жарамсыздықтың барлық күндерін жиынтықтау); бір жылдағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар жағдайларының саны (осы диагнозбен науқастанудың бар жағдайларын тікелей есептеу); созылмалы аурулардың болуы.

17 17. Әрбір кәсіп (жұмыс орны) бойынша КТБағ нәтижесі бойынша КТ дәрежесі бірден беске дейін белгіленеді:

1-дәреже – дәреженің есептік мәні 0-ден 1-ге дейін болғанда жол берілетін тәуекел;
2-дәреже – дәреженің есептік мәні 1-ден 2-ге дейін болған кезде төмен тәуекел;
3-дәреже – дәреженің есептік мәні 2-ден 3-ке дейін болған кездегі орташа тәуекел;
4-дәреже – дәреженің есептік мәні 3-тен 4-ке дейін болған кезде жоғары тәуекел;
5-дәреже – 4-тен 5-ке дейінгі дәреженің есептелген мәні кезінде өте жоғары тәуекел.

18 18. КТ дәрежесінің есептік мәні әрбір кәсіп (лауазым) (кәсіптік топтар, жұмыс орны) бойынша келесі формуламен айқындалады:

мұндағы:
В – еңбек жағдайының зияндылығының көрсеткіші, өндірістік (зиян) факторлардың жұмыскердің еңбек қабілеттілігіне, аталған кәсіптегі (лауазымдағы) (кәсіптік топтағы), оның жұмыс орнына әсерінің ықтималдығын сипаттайды;
Т – еңбек жағдайларының жарақат алу қаупінің көрсеткіші өндірістік (қауіпті) факторлардың осы кәсіп (кәсіптік топ) жұмыскерінің жұмыс орнындағы еңбекке қабілеттілігіне әсер ету ықтималдығын сипаттайды;
ОБ – осы кәсіптің (кәсіптік топтың) жұмыскері өзінің жұмыс орнында еңбек процесінде пайдаланатын өндірістік жабдық қауіпсіздігінің көрсеткіші;
ЖҚҚ – осы кәсіп (лауазым) (кәсіптік топ) жұмыскерінің еңбек процесінде пайдаланылатын ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілу көрсеткіші;
З – осы кәсіп (лауазым) (кәсіптік топ) жұмыскерлерінің сырқаттанушылық көрсеткіші.

19 19. Кәсіптік тәуекелдерді бағалау нәтижелері бойынша кәсіптік тәуекел тізілімін, кәсіптік тәуекелді бағалау жөніндегі хаттамаларды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есеп қалыптастырылады.

20 20. КТБағ жүргізу кезеңділігі КТ дәрежесін ескере отырып 5 жылда кемінде бір рет белгіленеді:

1 дәреже (жол берілетін тәуекел) – 5 жылда бір рет;
2 дәреже (төмен тәуекел) – 3 жылда бір рет;
3 дәреже (орташа тәуекел) – 2 жылда бір рет;
4 дәреже (жоғары тәуекел) – жыл сайын;
5 дәреже (өте жоғары тәуекел) – тәуекелді жою бойынша түзету шараларынан кейін.
Жабдықты жаңғырту, реконструкциялау, ауыстыру және технологиялық процестердегі өзгерістер кезінде жұмыс орындарындағы осындай өзгерістерді ескере отырып, жоспардан тыс КТБағ жүргізіледі.

3 3-параграф. Түзету шаралары

21 21. Түзету шараларын жүргізу қажеттілігі тәуекел дәрежесіне байланысты анықталады:

1-2 дәреже (рұқсат етілген /төмен тәуекел) – жұмыс берушінің шешімі бойынша түзету шаралары жүргізілуі мүмкін;
3 дәреже (орташа тәуекел) – тәуекел дәрежесі белгіленгеннен кейін бір жыл ішінде тәуекелді төмендету бойынша түзету шаралары жүргізіледі;
4-5 дәреже (жоғары/өте жоғары тәуекел) – тәуекел дәрежесі белгіленгеннен кейін 3 ай ішінде тәуекелді төмендету бойынша түзету шаралары жүргізіледі.

22 22. Түзету шараларының басымдылығы барлық кәсіптерді (лауазымдарды) (кәсіптік топтарды) КТ дәрежесінің кему тәртібімен ретке келтіру жолымен КТ саралау негізінде айқындалады.

23 23. Түзету шараларының негізінде тәуекел дәрежесін бағалау аяқталғаннан кейін бір ай ішінде кәсіпорын басшысы бекітетін осы Қағидалардағы 5-қосымшаға сәйкес кәсіптік тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді.

4 4-параграф. Кәсіптік тәуекелдерді бақылау және мониторингтеу

24 24. КТ бақылау КТБасқ бойынша іс-шаралар жоспарында белгіленген барлық КТ түзету шараларының орындалуын тексеруді қамтиды.

25 25. КТ бақылау ақпаратты жинау, бастапқы материалдарды талдау және КТБасқ міндетті құжаттамасы негізінде жүзеге асырылады.

26 26. КТ мониторингі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес КТБағ нәтижелерінің талдамалық деректерін жинауды және қалыптастыруды қамтиды.

1.1 КӘСІПОРЫН АТАУЫ

Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
1-қосымша
КӘСІПОРЫН АТАУЫ
БЕКІТЕМІН
Кәсіпорын басшысы
« » _____
КӘСІПТІК ТӘУЕКЕЛ ТІЗІЛІМІ
(кәсіпорын және құрылымдық бөлімшелер бойынша)
________ жыл
Р/с №
Қыз­мет тү­рі­нің, құ­ры­лым­дық бө­лім­ше, кә­сіп­тің (ла­у­а­зым) ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер са­ны
Жұ­мыс­кер­лер­дің үлес сал­ма­ғы*
Иден­ти­фи­ка­ци­я­ла­ну­шы фак­тор­лар**
В
Т
ОБ
ЖҚҚ
З
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Әкім­ші­лік қыз­мет
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Кә­сіп­тер (ла­у­а­зым­дар)
2
Өн­ді­рі­стік қыз­мет
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Кә­сіп­тер (ла­у­а­зым­дар)
3
Кө­мек­ші қыз­мет
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Кә­сіп­тер (ла­у­а­зым­дар)
БАР­ЛЫ­ҒЫ
100%
Ескертпе:
* үлес салмағы әрбір кәсіп бойынша жұмыскерлер санының кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі;
** сәйкестендірілген факторлар көрсетіледі, В (еңбек жағдайларының зияндылығы) және Т (еңбек жағдайларының жарақат алу қауіптілігі) бағандары бойынша зиянды немесе қауіпті өндірістік фактордың атауы мен коды көрсетіледі, ОБ (өндірістік құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі), ЖҚҚ, З (осы кәсіп (лауазым) (кәсіптік топ) жұмыскерлерінің сырқаттанушылық көрсеткіші) бағандары бойынша өндірістік жабдықты немесе жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдаланған, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының болуы жағдайында (+) белгісі көрсетіледі.
ЕҚ бойынша жауапты адам ________ _______________________
қолы ТАӘ (бар болса)
20___ ж. «____» ___________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
В – еңбек жағдайларының зияндылық көрсеткіші;
Т – еңбек жағдайларының жарақат алу қаупінің көрсеткіші;
ОБ - өндірістік жабдықтың қауіпсіздік көрсеткіші;
ЖҚҚ – жеке қорғаныш құралының қамтамасыз етілу көрсеткіші;
З – сырқаттанушылық көрсеткіші;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
ЕҚ – еңбекті қорғау.

1.2 Кәсіптік тәуекелдерді (жеке) бағалау ХАТТАМАСЫ 20 ___ жылғы «______» __________ №_____

Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
2-қосымша
Кәсіптік тәуекелдерді (жеке) бағалау
ХАТТАМАСЫ
20 ___ жылғы «______» __________ №_____
1
Кә­сі­по­рын ата­уы
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше ата­уы
3
Қыз­мет тү­рі (пер­со­нал са­на­ты)
4
Кә­сіп­тің (ла­у­а­зым­ның) жұ­мыс ор­ны­ның (кә­сіп ко­ды) ата­уы
5
Орын­дай­тын кә­сі­бі/ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы/ бел­гі­лі бір жұ­мыс ор­нын­да­ғы жұ­мыс­кер­лер кон­тин­ген­ті
6
Ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру ны­са­ны
7
Өн­ді­ріс ти­пі
8
Өн­ді­рі­стік жаб­дық­тар са­ны
9
Негіз­гі өн­ді­рі­стік жаб­дық­тар тіз­бе­сі
10
Қол­да­ны­ла­тын ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар

1 1. Еңбек жағдайларының зияндылығын бағалау (өндірістік факторлардың зияндылығы)


Фак­тор ко­ды
Зи­ян­ды өн­ді­рі­стік фак­тор­дың ата­уы
Фак­тор­дың жағ­дайы
Ең­бек жағ­дай­ла­ры кла­сы
Балл*
Ес­керт­пе
(РЕ­ШД/РЕ­ШШ ) Нор­ма­сы
Нақ­ты дең­гейі
2
3.1
3.2
3.3
3.4
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
х
х
2
х
х
3
х
х
Балл со­ма­сы, жиы­ны
бар­лық көр­се­ті­л­ген фак­тор­лар бой­ын­ша бал­дар жи­нақ­та­ла­ды
Өн­ді­рі­стік фак­тор­лар­дың зи­ян­ды­лық көр­сет­кі­ші (В)
Ескерту:
* Зиянды факторлардан кейінгі баллдар) фактордың нақты деңгейінің белгіленген гигиеналық нормаға (РЕШД/РЕШШ) сәйкес келмегені анықталған жағдайда шарттар сыныбына сәйкес анықталады құжаттар:
1 балл – 2-сынып;
2 балл – 3.1-сынып;
3 балл – 3.2-сынып;
4 балл – 3.3-сынып;
5 балл – 3.4-сынып.
Өндірістік факторлар (В) мәнінің көрсеткіші төменде көрсетілген интервалдардың біріне жатқызу балдары сомасының негізінде айқындалады:
1 –0 балл;
2 – 5 балға дейін;
3 – 6-дан 15 балға дейін;
4 – 16-ден 25 балға дейін;
5 – 25 балдан жоғары.

2 2. Еңбек жағдайларының жарақаттану қауіптілігін бағалау (өндірістік факторлардың қауіптілігі)


Орын­да­ла­тын жұ­мыстар түр­ле­рі
Қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік фак­тор­дың ата­уы
х
х
х
Балл
Ес­керт­пе
Фак­тор ко­ды
Со­ма­сы, жиы­ны
бар­лық көр­се­ті­л­ген фак­тор­лар бой­ын­ша бал­дар жи­нақ­та­ла­ды
Орын­да­ла­тын жұ­мыс түр­ле­рі­нің жал­пы са­ны
орын­да­ла­тын жұ­мыс түр­ле­рі­нің са­ны жи­нақ­та­ла­ды
Балл со­ма­сы, жиы­ны
со­ма­ның орын­да­ла­тын жұ­мыс са­ны­на қа­ты­на­сы ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді
Жа­за­тай­ым оқи­ға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Кү­ні:
За­рдап шек­кен­дер са­ны
Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның жа­ра­қат алу қа­у­пі­нің көр­сет­кі­ші (Т)
Ескертпе: Балдар (қауіпті факторлар бойынша) сараптамалық бағалау негізінде белгіленеді және өндірістік (қауіпті) фактордың туындау жиілігінің сандық мәнін шығару жолымен айқындалады (1 - жылына 1 реттен артық емес; 2 - тоқсанына 1 реттен артық емес; 3 - айына 1 реттен артық емес; 4 - 1 реттен артық емес) және өндірістік (қауіпті) фактордың ықтимал әсер етуі салдарының ауырлық дәрежесінің сандық мәні (1 - жеңіл, 2 - орташа, 3 - ауыр/өлім жағдайы).
Осы кәсіптің (кәсіптік топтың) жұмыскері үшін оның жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының жарақат алу қаупінің көрсеткіші (Т):
1 - егер есепті кезеңде осы мамандық бойынша жазатайым оқиға тіркелмеген болса және балл сомасы нөлге тең болса;
2 - егер есепті кезеңде осы мамандық бойынша жазатайым оқиға тіркелмеген болса және балл сомасы бірден 5-ке дейін;
3 - егер есепті кезеңде осы мамандық бойынша жазатайым оқиға тіркелмеген болса және балл сомасы 6-дан 15 балға дейін;
4 - егер есепті кезеңде осы кәсіп бойынша жазатайым оқиға тіркелмеген болса және баллдардың сомасы 16-дан 25 балға дейін болса немесе есепті кезеңде осы кәсіп бойынша жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі жазатайым оқиға тіркелген болса;
5 - егер есепті кезеңде осы кәсіп бойынша жазатайым оқиға тіркелмеген болса және баллдар сомасы 25 балдан жоғары болса немесе есепті кезеңде осы кәсіп бойынша ауыр немесе өлімге әкеп соққан жазатайым оқиға тіркелген болса.

3 3. Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бағалау

р/с №
Жаб­дық ата­уы
Құ­жат­тал­ған ба­ға­ла­удың кри­те­рий­ле­рі
Бал­да­ры
Ес­керт­пе
Жаб­дық­ты пай­да­ла­ну­ға бе­ру кү­ні
Пай­да­ла­ну мер­зі­мі, жыл
Пай­да­ла­ну мер­зі­міне сәй­кест­і­гі
Құ­жат­та­ма­ның бо­луы
Тех­ни­ка­лық
Пай­да­ла­ну
Тек­се­ру
Дб
Вб
Жиы­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
құ­жат­тал­ған және көр­не­кі ба­ға­лау бал­да­ры­ның ор­та­ша ариф­ме­ти­ка­лық мәні ре­т­ін­де анық­та­ла­ды
Балдар сомасы, жиыны
жабдықтың барлық атаулары бойынша балдар жинақталады
Өндірістік жабдықтардың жылпы саны
Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздік көрсеткіші (ОБ)
баллдар сомасының өндірістік жабдық санына қатынасы ретінде есептеледі
Ескертпе: Егер жұмыскер еңбек процесінде өндірістік жабдықты пайдаланбаса, осы кәсіптің (кәсіптік топтың) жұмыскері еңбек процесінде пайдаланатын өндірістік жабдықтың (ОБ) қауіпсіздік көрсеткіші 1-ге тең. Егер еңбек процесінде жұмыскер Өндірістік жабдықты пайдаланса, өндірістік жабдықтың қауіпсіздік көрсеткіші (ОБ) әрбір кәсіп (жұмыс орны) бойынша өндірістік жабдықтың жалпы санына баллдар сомасының қатынасы ретінде айқындалады. Бағалаудың жалпы балы өндірістік жабдықтың әрбір түрі бойынша құжаттамалық (Дб) және көрнекі (Кб) бағалардың орташа арифметикалық балына тең.
Құжаттамалық бағалау балы (Дб) техникалық, пайдалану, тексеру құжаттамасының болуына, сондай-ақ өндірістік жабдықтың әрбір түрі бойынша өндірістік жабдықтың пайдалану мерзіміне сәйкестігіне қарай 1-ден 5-ке дейін белгіленеді:
1 балл - барлық талаптар орындалған кезде;
2 балл - талаптардың бірі орындалмаған кезде;
3 балл - талаптардың екеуі орындалмаған кезде;
4 балл - талаптардың үшеуі орындалмаған кезде;
5 балл - барлық талаптар орындалмаған жағдайда.
Визуалды-техникалық бағалау балы (Дб) жабдықтың конструкциясына және оның жекелеген бөліктеріне қойылатын талаптардың сақталуына байланысты 2-ден 5-ке дейін белгіленеді, сондай-ақ қорғау құралдарына:
2 балл - жабдық конструкциясына және оның жекелеген бөліктеріне қойылатын барлық талаптар сақталған және барлық қажетті қорғау құралдары болған кезде;
3 балл - жабдықтың конструкциясына және оның жекелеген бөліктеріне қойылатын талаптар сақталмаған және жеңіл ауырлықтағы жұмыскерге травматикалық әсер етуі мүмкін барлық қажетті қорғау құралдары болған кезде;
4 балл - жабдықтың конструкциясына және оның жекелеген бөліктеріне қойылатын талаптар сақталмаған және ауырлығы орташа жұмыскерге травматикалық әсер етуі мүмкін барлық қажетті қорғау құралдары болған кезде;
5 балл - жабдықтың конструкциясына және оның жекелеген бөліктеріне қойылатын талаптар сақталмаған және жұмыскер ауыр жарақат алуы мүмкін барлық қажетті қорғау құралдары болған кезде.

3.1 3.1. Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін визуалды бағалау


Жаб­дық­тың кон­струк­ци­я­сы және оның же­ке­ле­ген бө­лік­те­ріне қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­на та­лап­тар
Балл Вб
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
1
Өн­ді­рі­стік жаб­дық­қа және оның же­ке­ле­ген бө­лік­те­ріне қи­ра­ту­шы жүк­те­ме жоқ
Қи­ра­ту­шы жүк­те­ме­лер­дің туын­да­уын бол­дыр­май­тын құ­ры­л­ғы­лар­мен жаб­дық­тау
2
Жаб­дық­тың құ­лау (ауда­ры­лу) және өзді­гі­нен жы­л­жу ық­ти­мал­ды­ғы жоқ
Жаб­дық­тар мен оның бө­лік­те­рін бе­кі­ту құ­рал­да­ры мен әді­сте­рі­нің бо­луы
3
Заттар­дың (мы­са­лы, құ­рал-сай­ман­дар­дың, дай­ын­да­ма­лар­дың, өң­дел­ген бөл­шек­тер­дің, жаң­қа­лар­дың) құ­лау және та­ста­лу, сон­дай-ақ май­лай­тын, сал­қын­да­та­тын және бас­қа да жұ­мыс сұй­ық­тық­та­ры­ның та­ста­лу ық­ти­мал­ды­ғы жоқ
Қор­ға­ныш қор­ша­у­лар­дың бо­луы (қап­та­ма­лар, қал­қан­дар, күн­қа­ғар­лар, бө­ге­улер және экран­дар)
4
Өн­ді­рі­стік жаб­дық­тың қоз­ғал­ма­лы бө­лік­те­рі­нің әсер ету ық­ти­мал­ды­ғы жоқ
Жұ­мыс­кер­дің олар­мен бай­ла­ныс жа­сау мүм­кін­ді­гін бол­дыр­мау неме­се даб­ыл бе­ру, даб­ыл бе­ру тү­сте­рі, қа­уіп­сіз­дік бел­гі­ле­рі және апат­тық тоқ­та­уды бас­қа­ру ор­ган­да­ры көз­де­луі үшін қор­ғау қор­ша­у­ла­ры­ның бо­луы
5
Қы­са­тын, ұстап тұ­ра­тын, кө­тер­гіш және ти­еу құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның неме­се олар­дың же­тек­те­рі­нің кон­струк­ци­я­сы үшін то­лық неме­се іші­на­ра өзді­гі­нен тоқ­тау, энер­гия бе­ру­ді қал­пы­на кел­ті­ру ке­зін­де қа­уіп­ті­лік­тің туын­дау ық­ти­мал­ды­ғы жоқ
Жұ­мыс­кер­дің олар­мен бай­ла­ныс жа­сау мүм­кін­ді­гін бол­дыр­мау неме­се сиг­нал бе­ру, сиг­нал бе­ру тү­сте­рі, қа­уіп­сіз­дік бел­гі­ле­рі және апат­ты тоқ­та­уды бас­қа­ру ор­ган­да­ры көз­де­луі үшін қор­ғау қор­ша­у­ла­ры­ның бо­луы
6
Өн­ді­рі­стік жаб­дық кон­струк­ци­я­сы­ның эле­мент­те­рін­де өт­кір бұ­ры­шта­ры, жи­ек­те­рі, қа­быр­шақ­та­ры және те­гіс емес бет­те­рі бар
Жұ­мыс іс­те­у­ші­лер­ді қор­ғау ша­ра­ла­ры көз­дел­ген
7
Гид­рав­ли­ка­лық, пнев­ма­ти­ка­лық энер­ги­я­ның, бу энер­ги­я­сы­ның кө­ме­гі­мен жұ­мыс іс­тей­тін өн­ді­рі­стік жаб­дық­тар­дан және оның же­ке­ле­ген бө­лік­те­рі­нен (гид­ро -, бу -, пнев­мо­жүй­е­лер­дің құ­быр­ла­ры, сақ­тан­дыр­ғыш ка­бель­дер және ,бас­қа бө­лік­тер) жа­ра­қат алу ық­ти­мал­ды­ғы жоқ
Жұ­мыс іс­теп тұр­ған неме­се тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту құ­рал­да­ры­мен олар­дың кез­дей­соқ за­қым­да­нуы­ның ал­дын ала­тын­дай етіп, мон­таж­дау схе­ма­ла­ры­на сәй­кес таң­ба­ла­удың бо­луы, бұ­ғат­тау құлып­та­ры мен бе­кіт­кіш­тер
8
Құ­ра­с­ты­ру бір­лік­те­рі мен бөл­шек­те­рі­нің бе­кіт­пе­ле­рі­нің өзді­гі­нен әл­сі­реу неме­се ажы­ра­ту, сон­дай-ақ жы­л­жы­ма­лы бө­лік­тер­дің кон­струк­ци­яда көз­дел­ген шек­тен тыс орын ауы­сты­ру ық­ти­мал­ды­ғы жоқ
Өн­ді­рі­стік жаб­дық­тар­ды бас­қа­ру ор­ган­да­рын­да шұ­ғыл те­жеу және ава­ри­я­лық тоқ­та­ту (өші­ру) құ­рал­да­ры­ның бо­луы
9
Өрт-жа­ры­лыс қа­уіп­ті­лі­гі­нің туын­дау ық­ти­мал­ды­ғы жоқ
Ес­кер­ту сиг­на­ли­за­ци­я­сы­ның, өрт сөн­ді­ру, ава­ри­я­лық жел­дет­кіш, гер­ме­ти­ка­лық қа­бық, жан­ғыш сұй­ық­тық­тар­ды ава­ри­я­лық ағы­зу және жан­ғыш га­з­дар­ды өр­ші­ту жүй­е­сі­нің бо­луы
10
Электр қа­уіп­ті­лі­гі­нің туын­дау ық­ти­мал­ды­ғы жоқ
Қор­ша­у­лар­дың бо­луы, жер­ге тұй­ық­тау, нөл­деу, ток өт­кіз­гіш бө­лік­тер­ді оқ­ша­у­лау, қор­ға­ныш ажы­ра­ту
Бал­дар со­ма­сы
көр­се­ті­л­ген та­лап­тар бой­ын­ша бар­лық балл­дар жи­нақ­та­ла­ды
Та­лап­тар са­ны
10
Өн­ді­рі­стік жаб­дық­тың қа­уіп­сіз­ді­гін ви­зу­ал­ды-тех­ни­ка­лық ба­ға­лау, Вб, жиы­ны
балл­дар со­ма­сы­ның та­лап­тар са­ны­на қа­ты­на­сы ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді

4 4. ЖҚҚ қамтылғандығын бағалау

Р/с №
ЖҚҚ ата­уы
МЕМСТ
Бір жы­л­ға бе­ру нор­ма­сы (бір­лік)
Іс жү­зін­де ЖҚҚ бо­луы
Құ­жат­та­ма
Балл
Ес­керт­пе
Нор­ма­ға сәй­кест­і­гі (0/1)
Са­па сер­ти­фи­ка­ты­ның бо­луы (0/1)
Құ­жат­та­ма­ның бо­луы (0/1)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Балл со­ма­сы
ЖҚҚ-ның бар­лық ата­у­ла­ры бой­ын­ша бал­дар жи­нақ­та­ла­ды
ЖҚҚ са­ны
ЖҚҚ жал­пы са­ны жи­нақ­та­ла­ды
ЖҚҚ қам­ты­лу көр­сет­кі­ші, жиы­ны
ЖҚҚ бал­да­ры со­ма­сы­ның ЖҚҚ са­ны­на қа­ты­на­сы ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді
Ескертпе: осы кәсіптің (лауазымның) (кәсіптік топтың) жұмыскерінің еңбек процесінде оның жұмыс орнында пайдаланылатын ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілу көрсеткіші, егер жұмыскер еңбек процесінде ЖҚҚ пайдаланбаса, бірге тең болады.
Егер еңбек процесінде жұмыскер ЖҚҚ-ны пайдаланса, ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілу көрсеткіші ЖҚҚ-ның әрбір түрі бойынша баллдар сомасының ЖҚҚ-ның жалпы нормативтік белгіленген санына қатынасы ретінде айқындалады.
Балл норманы көрсете отырып, ЖҚҚ беруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың болуына; оларды берудің белгіленген нормаларына сәйкес ЖҚҚ-ның болуына; ЖҚҚ-ны пайдалануға арналған сапа сертификаттарының болуына қарай 2-ден 5-ке дейін белгіленеді:
2 балл - барлық талаптарды орындау кезінде;
3 балл - талаптардың бірі орындалмаған кезде;
4 балл - талаптардың екеуі орындалмаған кезде;
5 балл - барлық талаптар орындалмаған жағдайда.

5 5. Сырқаттануды бағалау

Р/с №
Жұ­мыс­кер
Сыр­қат­та­ну ба­ға­лау кри­те­рийі
Ба­лы
Ес­керт­пе
ЕҚУА жал­пы ұз­ақ­тығы
ЖР­ВИ са­ны
Со­зыл­ма­лы ау­ру­лар­дың бо­луы
Жұ­мыс­кер 1
Жұ­мыс­кер 2
Жұ­мыс­кер 3
Бал­дар со­ма­сы
Жұ­мыс­кер­лер са­ны
Сыр­қат­та­ну­шы­лық көр­сет­кі­ші (З)
балл со­ма­сы­ның жұ­мыс­кер­лер са­ны­на қа­ты­на­сы ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді
Ескертпе: Осы кәсіп/лауазым (кәсіптік топ) жұмыскерлерінің сырқаттанушылық (З) көрсеткіші осы кәсіп жұмыскерлерінің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтарды кешенді тексеру және талдау негізінде айқындалады және егер есепті кезеңде осы кәсіп бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтар тіркелмеген болса, бірге тең болады. Егер есепті кезеңде осы кәсіп бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтар тіркелген болса, сырқаттанушылық (З) көрсеткіші балл сомасының осы кәсіп (кәсіптік топ) жұмыскерлерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Әрбір жұмыскер бойынша балл еңбекке уақытша жарамсыздықтың уақытша жоғалуының жиынтық ұзақтығына, жылына жіті респираторлық вирустық инфекциялар жағдайларының санына, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтарды кешенді тексеру және талдау негізінде созылмалы аурулардың болуына байланысты белгіленеді:
1 балл, егер еңбекке уақытша жарамсыздықты жоғалтудың жиынтық ұзақтығы жылына 7 күннен аспаса, созылмалы аурулар болмаған кезде жылына 1 реттен көп емес жіті респираторлық вирустық инфекциялар жағдайларының саны;
2 балл, егер еңбекке уақытша жарамсыздықты жоғалтудың жиынтық ұзақтығы жылына 14 күннен аспаса, созылмалы аурулар болмаған кезде жылына 2 реттен көп емес жіті респираторлық вирустық инфекциялар жағдайларының саны;
3 балл, егер еңбекке уақытша жарамсыздықты жоғалтудың жиынтық ұзақтығы жылына 21 күннен аспаса, созылмалы аурулар болған кезде жылына 3 реттен көп емес жіті респираторлық вирустық инфекциялар жағдайларының саны;
4 балл, егер еңбекке уақытша жарамсыздықты жоғалтудың жиынтық ұзақтығы жылына 21 күннен артық болса, созылмалы аурулар болған кезде жылына 3 реттен артық жіті респираторлық вирустық инфекциялар жағдайларының саны;
5 балл, тіркелген кәсіптік аурулар болған кезде.

6 6. Кәсіптік тәуекел дәрежесін есептеу

Р/с

Кә­сіп (кә­сі­би топ) ата­уы
Көр­сет­кіш
КТ дә­ре­же­сі
В
Т
ОБ
ЖҚҚ
З
БАР­ЛЫ­ҒЫ
Кәсіптік тәуекел дәрежесі: ___________________________________________
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау бойынша жауапты адам
____________ ________________________________________________
қолы ТАӘ (болған жағдайда)
20___ ж. «____» ___________
немесе Сараптамалық ұйымның маманы:
____________ ________________________________________________
қолы ТАӘ (болған жағдайда)
20___ ж. «____» ___________
Кәсіптік тәуекелді бағалау нәтижелерімен таныстым (ық):
____________________________________________________________________________________________
ТАӘ (болған жағдайда), күні, қолы
____________________________________________________________________________________________
ТАӘ (болған жағдайда), күні, қолы
Аббревиатураның толық жазылуы:
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
ЕҚ – еңбекті қорғау;
ҚТ – қауіпсіздік техникасы;
ЖҚҚ – жеке қорғаныш құралының қамтамасыз етілу көрсеткіші;
РЕШД – рұқсат етілген шекті деңгейі;
РЕШШ – рұқсат етілген шекті шоғырлануы;
МемСТ – мемлекеттік стандарт;
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;
ЕҚУЖ – еңбекке қабілеттігінен уақытша жоғалту;
ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекция;
В – еңбек жағдайларының зияндылық көрсеткіші;
Т – еңбек жағдайларының жарақат алу қаупінің көрсеткіші;
ОБ – өндірістік жабдық қауіпсіздігінің көрсеткіші;
З – сырқаттанушылық көрсеткіші;
Дб – жабдық қауіпсіздігін құжаттамалық бағалау балы;
Вб – жабдық қауіпсіздігін көзбен шолып бағалау балы;
КТ - кәсіптік тәуекел.

1.3 КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтарды тіркеу ЖУРНАЛЫ

Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
3-қосымша
КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ
Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтарды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
№ р/с
Т.Ә.Ж.
Ма­ман­дық ата­уы
Құ­ры­лым­дық бө­лім ата­уы
Қыз­мет тү­рі
Ең­бек­ке қа­бі­лет­сіз­дік тү­рі* (Жр/ А)
Ең­бек­ке қа­бі­лет­сіз­дік ке­зе­ңі
Ең­бек­ке қа­бі­лет­сіз­дік күн­де­рі­нің жал­пы са­ны
АХЖ-10 На­у­қа­стар ко­ды
Ди­а­гноз/на­у­қа­стың ата­уы
Жы­ны­сы
Жа­сы
Ем­де­лу ре­жи­мі
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Ескертпе:
5-баған: егер жұмыскер әкімшілік-басқарушылық персоналы болса А, егер жұмыскер өндірістік қызметтің персоналы болса П, егер жұмыскер көмекші персоналға қатысты болса В көрсетіледі;
6-баған: егер жарақат орын алса Жр, егер ауру орын алса Н көрсетіледі;
7-баған: кк/аа/жж форматында еңбекке жарамсыздық кезеңі қай күннен бастап және қай күнді қоса алғанда көрсетіледі;
13-баған: егер амбулаториялық емдеу болса А, С-стационарлық емдеу көрсетіледі.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
АХЖ – аурулардың халықаралық жіктелуі;
Жр – жарақат;
А – ауру.

1.4 КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ Кәсіптік тәуекелдерді бағалау нәтижелері бойынша ЕСЕП

Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
4-қосымша
КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ
Өн­ді­рі­стік ке­ңе­стің өкі­лі*
_______________ТАӘ
20____ ж. «___» _____________
БЕ­КІ­ТЕ­МІН
Кә­сі­по­рын бас­шы­сы
_______________ТАӘ
20____ ж. «___»_____________
КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау нәтижелері бойынша
ЕСЕП
ДАЙЫНДАЛҒАН
ЕҚ және ҚТ бойынша жауапты тұлға _______________ _______
ТАӘ қолы
«____» ___________20___ ж.
немесе
Жетекшісі
сараптама ұйымы _______________ ___________ ____________
ТАӘ қолы
«____» ___________20___ ж.
Ескертпе: * өндірістік кеңес болмаған жағдайда кәсіпорын басшысынан кейінгі екінші жауапты тұлға жауапты тұлға болып табылады (мысалы, техникалық директор және бас инженер).

1 1. Жалпы мәліметтер

Са­рап­та­ма ұй­ы­мы
Ұй­ым­ның ме­кен-жайы
Кә­сі­би тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу негі­зі
Кә­сі­по­рын­ның то­лық және қы­сқар­ты­л­ған ата­уы
Ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны
Заң­ды ме­кен-жайы
Нақ­ты ме­кен-жайы
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі (ЭҚ­ЖЖ) / кә­сіп­тік тәу­е­кел сы­ны­бы
Кә­сі­по­рын­ның кә­сі­би-бі­лік­ті­лік құ­ры­лы­мы­ның көр­сет­кіш­те­рі
Ма­ман­дық­тар са­ны
Жұ­мыс­кер­лер са­ны
БАР­ЛЫ­ҒЫ кә­сі­по­рын бой­ын­ша, оның ішін­де:
Әкім­ші­лік қыз­мет
Өн­ді­рі­стік қыз­мет
Қо­сал­қы қыз­мет
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
ЕҚ және ҚТ – еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы;
ЭҚЖЖ – экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші.

1.5 КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ Кәсіптік тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
5-қосымша
Бекітемін
Кәсіпорын басшысы
_______________ТАӘ
20____ ж._____________«___»
КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ
Кәсіптік тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
________ жыл
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Ма­ман­дық
Тәу­е­кел дә­ре­же­сі
Тү­зе­ту ша­ра­ла­ры
Тәу­е­кел дә­ре­же­сі және кү­ті­ле­тін нәти­же­лер
Жа­у­ап­ты тұ­лға­лар
Орын­дау мер­зі­мі
Орын­да­луын ба­қы­лау
ЕҚ бойынша жауапты тұлға ________ ________________________
қолы Т.А.Ә.
«____» ___________20___ ж.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
ЕҚ – еңбекті қорғау.

1.6 КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ Кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың нәтижелерінің талдамалық деректері

Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
6-қосымша
Нысаны
КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ
Кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың нәтижелерінің талдамалық деректері

1 1. Еңбек жағдайларының (өндірістік факторлардың) зияндылығын талдау

Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Кә­сіп­тің (ла­у­а­зым) ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер са­ны
Хи­ми­я­лық фак­тор­лар
Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар
Био­ло­ги­я­лық фак­тор­лар
Пси­хо­фи­зио­ло­ги­я­лық фак­тор­лар
Жиы­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
1. Әкім­ші­лік қыз­мет
2. Өн­ді­рі­стік қыз­мет
3. Қо­сал­қы қыз­мет

2 2. Еңбек жағдайларының (өндіріс факторларының) жарақаттану қауіптілігін талдау


Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Кә­сіп­тің (ла­у­а­зым­ның) ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер са­ны
Жа­ра­қат­та­ну фак­тор­ла­ры­ның (тәу­е­кел­де­рі­нің) түр­ле­рі
Ең­бек про­це­сін­де жа­ра­қат­та­ну қа­уіп­ті­лі­гі­нің дә­ре­же­сі
Жа­ра­қат­та­ну қа­уіп­ті­лі­гін ба­ға­лау
1
2
3
4
5
6
7
1. Әкім­ші­лік қыз­мет
2. Өн­ді­рі­стік қыз­мет
3. Қо­сал­қы қыз­мет

3 3. Өндірістің жабдықтың қауіпсіздігін талдау

Р/с №
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Кә­сіп­тің (ла­у­а­зым) ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер са­ны
Жаб­дық­тың ата­уы
Құ­жат­тал­ған ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Жаб­дық­тың пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
Пай­да­ла­ну мер­зі­мі, жыл
Пай­да­ла­ну мер­зі­міне сәй­кест­і­гі
1
2
3
4
5
6
7
8
1. Әкім­ші­лік қыз­мет
2. Өн­ді­рі­стік қыз­мет
3. Қо­сал­қы қыз­мет
Кестенің жалғасы
Құ­жат­тал­ған ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Өн­ді­рі­стік жаб­дық­тар­дың қа­уіп­сіз­ді­гін ба­ға­лау
Құ­жат­та­ма­ның бо­луы
Тех­ни­ка­лық
Пай­да­ла­ну (пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың бо­луы)
Са­лы­сты­рып тек­се­ру
Құ­жат­тал­ған ба­ға­лау
Ви­зу­ал­ды-тех­ни­ка­лық ба­ға­лау
Жиы­ны
9
10
11
12
13
14
1. Әкім­ші­лік қыз­мет
2. Өн­ді­рі­стік қыз­мет
3. Қо­сал­қы қыз­мет

4 4. ЖҚҚ қамтылуын талдау

Р/с №
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Кә­сіп­тің (ла­у­а­зым­ның) ата­уы
Жұ­мыс­кер са­ны
ЖҚҚ ата­уы
Бір жы­л­ға бе­ру нор­ма­сы (бір­лік)
Іс жү­зін­де ЖҚҚ бо­луы
Құ­жат­та­ма
ЖҚҚ қам­ты­луын ба­ға­лау
Ес­керт­пе
Нор­ма­ға сәй­кест­і­гі (0/1)
Са­па сер­ти­фи­ка­ты­ның бо­луы (0/1)
Құ­жат­та­ма­ның бо­луы (0/1)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1. Әкім­ші­лік қыз­мет
2. Өн­ді­рі­стік қыз­мет
3. Қо­сал­қы қыз­мет

5 5. Сырқаттанушылықты талдау

Р/с №
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Кә­сіп­тің (ла­у­а­зым­ның) ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер са­ны
Кә­сіп­тің үлес сал­ма­ғы
Сыр­қат­та­ну­шы­лық тәу­е­ке­лі­нің дә­ре­же­сі бел­гі­лен­ген жұ­мыс­кер­лер са­ны
Кә­сіп бой­ын­ша сыр­қат­та­ну­шы­лық тәу­е­ке­лі­нің дә­ре­же­сі
Үлес сал­ма­ғын ес­ке­ре оты­рып кә­сіп бой­ын­ша сыр­қат­та­ну­шы­лық тәу­е­ке­лі­нің дә­ре­же­сі
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше бой­ын­ша сыр­қат­та­ну­шы­лық тәу­е­ке­лі­нің дә­ре­же­сі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1. Әкім­ші­лік қыз­мет
2. Өн­ді­рі­стік қыз­мет
3. Қо­сал­қы қыз­мет
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖҚҚ – жеке қорғаныш құралының қамтамасыз етілу көрсеткіші.
_______________________________

Қолданыстағы