О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 11 августа 2020 года № 55/8-VІ «Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 11 августа 2020 года № 55/8-VІ «Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района»
- Атауы (қаз.)
- Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VІ «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6/14-VIII
- Қабылданған күні
- 24.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2023 185730_651027.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FF011518
- ЭКБ идентификаторы
- 185730
- Редакция идентификаторы
- 185730_651027
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:08
0
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VІ «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2022 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7484 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін мыңнан жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 1-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің ( одан әрі қарай-әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі бекітілсін:»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Абай облысы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардың өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы көрсетіледі.
Әлеуметтік қолдау жылына бір рет беріледі.».