Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 11 декабря 2020 года № 6С-64/2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаркаинском районе»

Өзге акт · № 7C-8/3 · қабылданған 14.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2020-no-6-642-ekb-154931/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 11 декабря 2020 года № 6С-64/2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаркаинском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 7C-8/3 ·14.04.2021
24.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 11 декабря 2020 года № 6С-64/2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаркаинском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7C-8/3 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 11 декабря 2020 года № 6С-64/2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаркаинском районе»
Атауы (қаз.)
«Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7C-8/3
Қабылданған күні
14.04.2021
Көрсетілген редакция
24.06.2024 154931_708219.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21BL008442
ЭКБ идентификаторы
154931
Редакция идентификаторы
154931_708219
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:39

0 «Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8278 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қосымшаның 4 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

4 «4. Шекті жол берілетін шығыстардың үлесі:

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 11 (он бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.»;
көрсетілген қосымшаның 5 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.»;
көрсетілген қосымшаның 9 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімдігі

Қолданыстағы