Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 11 марта 2020 года № 62/536-6с «Об утверждении Правил содержания животных на территории города Шымкент»

Ереже · № 20/172-VIII · қабылданған 29.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2020-no-62536-6/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 11 марта 2020 года № 62/536-6с «Об утверждении Правил содержания животных на территории города Шымкент» Қолданыста Ереже ·№ 20/172-VIII ·29.08.2024
29.08.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 11 марта 2020 года № 62/536-6с «Об утверждении Правил содержания животных на территории города Шымкент»

Қолданыста Ереже ·№ 20/172-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 11 марта 2020 года № 62/536-6с «Об утверждении Правил содержания животных на территории города Шымкент»
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20/172-VIII
Қабылданған күні
29.08.2024
Көрсетілген редакция
29.08.2024 200537_718848.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24E0022117
ЭКБ идентификаторы
200537
Редакция идентификаторы
200537_718848
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:52

0 «Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы

№ 62/536-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2-тармақтың 2) тармақшасы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидаларында:
тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жануарларды ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1 тармағының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының аумағында жануарларды ұстау тәртібін айқындайды.»;
3-тармақта:
2), 7), 8), 12) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«2) ветеринариялық анықтама – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық құжат;
7) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
12) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;»;
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«19. Жануар иесі жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымға (Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органына (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы):
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.».

2 2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы