Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 11 февраля 2021 года № 13/2-7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Целиноградском районе»

Өзге акт · № 69/9-8 · қабылданған 10.08.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2021-no-132-7/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 11 февраля 2021 года № 13/2-7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Целиноградском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 69/9-8 ·10.08.2023
01.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 11 февраля 2021 года № 13/2-7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Целиноградском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 69/9-8 · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 11 февраля 2021 года № 13/2-7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Целиноградском районе»
Атауы (қаз.)
Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 13/2-7 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
69/9-8
Қабылданған күні
10.08.2023
Көрсетілген редакция
01.03.2024 184977_687629.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23BQ860703
ЭКБ идентификаторы
184977
Редакция идентификаторы
184977_687629
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:25

0 Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 13/2-7 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 11 ақпандағы № 13/2-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8363 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептейді.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр қабылданады.»;
6-тармақ алып тасталсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы