Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 11 августа 2021 года № 138 «Об утверждении Методики по распределению административных государственных должностей корпуса «Б» по функциональным блокам»

Бұйрық · № 98 · қабылданған 21.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2021-no-138/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 11 августа 2021 года № 138 «Об утверждении Методики по распределению административных государственных должностей корпуса «Б» по функциональным блокам» Қолданыста Бұйрық ·№ 98 ·21.06.2024
21.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 11 августа 2021 года № 138 «Об утверждении Методики по распределению административных государственных должностей корпуса «Б» по функциональным блокам»

Қолданыста Бұйрық ·№ 98 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 11 августа 2021 года № 138 «Об утверждении Методики по распределению административных государственных должностей корпуса «Б» по функциональным блокам»
Атауы (қаз.)
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
98
Қабылданған күні
21.06.2024
Көрсетілген редакция
21.06.2024 198025_707253.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034569
ЭКБ идентификаторы
198025
Редакция идентификаторы
198025_707253
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:56

0 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23964 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесінде:
9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе «Б» корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар «А» және «В» функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бөлінеді:
«А» функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;
«B» функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады.
Мемлекеттік органдар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бөледі.
9-1. «А» функционалдық блогына жатқызылған мемлекеттік лауазымдар «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының штат санынан жетпіс бес пайыздан асқан жағдайда, уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша ғана бекітіледі.
Бөлу жобасы осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Ескертулер болған жағдайда уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі оларды он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға жібереді.
Мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ескертулерін ескере отырып пысықталған бөлу жобасын жібереді.
Орталық мемлекеттік органдар бөлу жобаларын уәкілетті органға, ал жергілікті атқарушы органдар – уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.».

2 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы