О внесении изменений в постановление акимата Аксуского района от 11 октября 2021 года № 505 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Аксуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Аксуского района от 11 октября 2021 года № 505 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Аксуского района»
- Атауы (қаз.)
- Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы «Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» № 505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 28.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 207668_746414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25IC027619
- ЭКБ идентификаторы
- 207668
- Редакция идентификаторы
- 207668_746414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:52
0 Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы «Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» № 505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы «Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» № 505 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 159537 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулының кiрiспе бөлiгінде (кiрiспесінде):
«бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына» сөз тіркесі «бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген)» сөз тіркестерімен ауыстырылсын;
Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2025 жылғы 28 ақпандағы № 84
Қаулысына қосымша
Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Орналасу орны
Алатын алаңы (шаршы метр)
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, (жыл)
1
Қапал ауылы, Аль- Фараби және М.Алыбаев көшелерінің қиылысында (оң жағында "Алатау" дүкені орналасқан)
90
«Алатау» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
5
2
Қызылағаш ауылы,
Жібек жолы көшесі №2А,
1120
жоқ
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
5
3
Қызылағаш ауылы, Жібек жолы көшесі №54, Қызылағаш су тасқыны құрбандарына арналған ескерткіштің сол жағында
2400
«Ырыс» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
5
4
Көлтабан ауылы, Тас жол көшесі, намазхана ғимаратының оң жағында
968
жоқ
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
5