О внесении изменений в совместный приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 августа 2021 года № 79 и Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 12 августа 2021 года № 1 «О некоторых вопросах национальных проектов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 августа 2021 года № 79 и Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 12 августа 2021 года № 1 «О некоторых вопросах национальных проектов»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 31.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2026 178451_823361.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031822
- ЭКБ идентификаторы
- 178451
- Редакция идентификаторы
- 178451_823361
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:31
0 «Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23968 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
22-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) жүргізетін өткен кезеңдердегі МЖЖ құжаттарының іске асырылу тиімділігі аудитінің нәтижесі;»;
48-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) есепті кезеңге жоспарланған нақты нәтижелерге қол жеткізудің қысқаша талдауы, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар қол жеткізбеудің (құжатты іске асыру басталған кезден бастап бүкіл кезең үшін) негіздемелері ретінде келтіретін себептердің объективтілігіне және нәтижелер көрсеткіштері мен өткен кезеңдерде МЖЖ құжаттарын іске асырудың тиімділігін талдау жөніндегі Жоғары аудиторлық палатаның тексеру материалдарын ескере отырып, әрбір ұлттық жоба бойынша осындай қол жеткізбеуге әкеп соққан нақты іс-шаралардың орындалмауына қатысты ұстанымы;».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі