О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 11 января 2022 года № 10 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 11 января 2022 года № 10 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 10 «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 218
- Қабылданған күні
- 29.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2023 182374_634629.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23N000218A
- ЭКБ идентификаторы
- 182374
- Редакция идентификаторы
- 182374_634629
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:42
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 10 «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 10 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақта 8) және 12) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«8) тұрғын үй қорын басқару саласындағы заңнама талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;»;
«12) газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық шаруашылықты материалдық-техникалық жарақтандыру, кондоминиум объектілерін күрделі жөндеу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;