О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 11 января 2022 года № 10 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 11 января 2022 года № 10 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 10 «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 395
- Қабылданған күні
- 21.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2023 186529_655364.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23N000395A
- ЭКБ идентификаторы
- 186529
- Редакция идентификаторы
- 186529_655364
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:42
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 10 «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 10 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 29-1), 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«29-1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың кезектілік тізімдерінің мониторингін жүзеге асырады;
29-2) авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;