О внесении дополнений в постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 11 апреля 2022 года № 109/3 «Об утверждении положения Государственного учреждения «Аппарат акима Железинского района Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 11 апреля 2022 года № 109/3 «Об утверждении положения Государственного учреждения «Аппарат акима Железинского района Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 109/3 қауылысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 372/12
- Қабылданған күні
- 29.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2022 176527_612082.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22PF37212A
- ЭКБ идентификаторы
- 176527
- Редакция идентификаторы
- 176527_612082
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:01
0 Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 109/3 қауылысына толықтырулар енгізу туралы
Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 109/3 қауылысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Ереженің 2- тарауының 13- тармағының 3) – тармақшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінің ішкі порталы арқылы «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсетеді;
әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде дала өрттерін сөндірудің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
көрсетілген Ереженің 9)-тармақшасына 16-тармағының 3-тарауының толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады».
2 2. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулына Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.