Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 11 апреля 2022 года № 112/НҚ «Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственной поддержки инновационной деятельности»

Бұйрық · № 457/НҚ · қабылданған 31.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2022-no-112-ekb-205553/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 11 апреля 2022 года № 112/НҚ «Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственной поддержки инновационной деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 457/НҚ ·31.07.2024
31.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 11 апреля 2022 года № 112/НҚ «Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственной поддержки инновационной деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 457/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 11 апреля 2022 года № 112/НҚ «Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственной поддержки инновационной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 112/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
457/НҚ
Қабылданған күні
31.07.2024
Көрсетілген редакция
31.07.2024 205553_739269.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034853
ЭКБ идентификаторы
205553
Редакция идентификаторы
205553_739269
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:18

0 «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 112/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1

1. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 112/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27610 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесінде:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау – бұдан әрі – тиімділікті бағалау) – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, технологиялық саясатты және нысаналы технологиялық саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін белгілеу тәсілі.»;
8-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қолдау шарасының тиімділік индексі үш балдық шкала бойынша өлшенеді, мұнда:»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тиімділікті бағалау туралы ақпаратты инновациялық жүйе субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей қалыптастырады және осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға және инновациялық обсерваторияға ұсынады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновацияларды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы