О внесении дополнений в совместное постановление акимата города Костаная от 11 июля 2022 года № 1441 и решение Костанайского городского маслихата от 11 июля 2022 года № 130 «Об установлении льгот отдельным категориям граждан города Костаная для проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в совместное постановление акимата города Костаная от 11 июля 2022 года № 1441 и решение Костанайского городского маслихата от 11 июля 2022 года № 130 «Об установлении льгот отдельным категориям граждан города Костаная для проезда на городском и пригородном общественном транспорте (кроме такси)»
- Атауы (қаз.)
- «Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 бірлескен қаулысына және Қостанай қалалық маслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 22.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2024 193779_685746.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NA101521
- ЭКБ идентификаторы
- 193779
- Редакция идентификаторы
- 193779_685746
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:03
0
«Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 бірлескен қаулысына және Қостанай қалалық маслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 бірлескен қаулысына және Қостанай қалалық маслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28843 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларды алып жүретін адамдар.»;
көрсетілген бірлескен қаулы және шешім мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
«2-1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жол жүру жеңілдігі белгіленсін:
1) 7 мен 15 жас аралығындағы балалар;
2) 15 пен 18 жас аралығындағы балалар.».