О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 11 марта 2022 года № 182-748 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика городу Нур-Султан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 11 марта 2022 года № 182-748 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика городу Нур-Султан»
- Атауы (қаз.)
- Нұр-Сұлтан қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 182-748 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 182-1027
- Қабылданған күні
- 30.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2023 182357_634673.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23ABW13410
- ЭКБ идентификаторы
- 182357
- Редакция идентификаторы
- 182357_634673
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:39
0
Нұр-Сұлтан қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 182-748 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Нұр-Сұлтан қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 182-748 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27204 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жариялғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабы 19-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидалар Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге ғана қолданылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірыңғай сәулет стилінің тұжырымдамасын «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – сәулет органы) әзірлейді және бекітеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) қаладағы тиісті аудан әкімдерімен және сәулет органмен бірлесіп, қаланың бірыңғай сәулет стилінің бекітілген тұжырымдамасы негізінде қалаға және оның бөліктеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған қасбеттерге, шатырларға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін анықтайды.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін қасбеттерге, шатырларға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің бекітілген тізбесі негізінде жергілікті бюджет қаражаты болған кезде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мынадай жұмыстарды ұйымдастырады:»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Астана қаласының бірыңғай сәулет стилінің бекітілген тұжырымдамасын бекіте отырып, көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының (олар болған жағдайда) меншік иелерін таныстыру;»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».