О внесении дополнения в постановление акимата от 11 марта 2022 года № 41 «Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Федоровском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата от 11 марта 2022 года № 41 «Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Федоровском районе»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 41 «Федоров ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 10.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2022 170813_588107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NT00166A
- ЭКБ идентификаторы
- 170813
- Редакция идентификаторы
- 170813_588107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:42
0 Әкімдіктің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 41 «Федоров
ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту
туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 41 «Федоров ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Федоров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1-қосымшада:
31-реттік нөмірі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
31
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары
1000 қатысушы
2 2. «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;