Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 11 июля 2022 года № 525 «Об утверждении национального плана углеродных квот»

Бұйрық · № 16-Ө · қабылданған 30.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2022-no-525/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 11 июля 2022 года № 525 «Об утверждении национального плана углеродных квот» Қолданыста Бұйрық ·№ 16-Ө ·30.01.2024
30.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 11 июля 2022 года № 525 «Об утверждении национального плана углеродных квот»

Қолданыста Бұйрық ·№ 16-Ө · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 11 июля 2022 года № 525 «Об утверждении национального плана углеродных квот»
Атауы (қаз.)
«Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16-Ө
Қабылданған күні
30.01.2024
Көрсетілген редакция
30.01.2024 193155_683796.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NP000016
ЭКБ идентификаторы
193155
Редакция идентификаторы
193155_683796
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:22

0 «Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 290-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 525 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28798 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көміртегі квотасының ұлттық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климат саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

0 Көміртегі квоталарының Ұлттық жоспары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 525 бұйрығымен бекітілген
бұйрығына қосымша
Көміртегі квоталарының Ұлттық жоспары
Экономиканың реттелетін секторы
2022 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы
2023 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы
2024 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы
2025 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы
Электр энергетикасы өнеркәсібі
95 304 595
93 872 608
94 343 363
92 101 734
Мұнай-газ
өнеркәсібі
23 039 146
22 692 974
22 921 486
22 379 767
Тау-кен өнеркәсібі
7 334 212
7 224 012
2 864 801
2 796 732
Металлургиялық өнеркәсіп
30 747 135
30 285 148
30 383 809
29 661 879
Химиялық өндіріс
1 715 105
1 689 335
2 464 510
2 390 980
Өңдеу (құрылыс материалдары: цемент, әктас, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде)
өнеркәсібі
8 019 802
7 899 302
9 109 279
8 892 839
Көміртегі квотасы бірліктері резервінің көлемі
11 816 923
11 643 887
9 275 603
9 194 506

Қолданыстағы