Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 11 ноября 2022 года № 65 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»

Қаулы · № 184 · қабылданған 19.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2022-no-65/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 11 ноября 2022 года № 65 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда» Қолданыста Қаулы ·№ 184 ·19.10.2023
19.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 11 ноября 2022 года № 65 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»

Қолданыста Қаулы ·№ 184 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 11 ноября 2022 года № 65 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»
Атауы (қаз.)
Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 65 «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
184
Қабылданған күні
19.10.2023
Көрсетілген редакция
19.10.2023 187637_660969.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23F0013618
ЭКБ идентификаторы
187637
Редакция идентификаторы
187637_660969
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:15

0 Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 65

«Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30625 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, 63-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Абай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың жыл сайын орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде өрт қауіпті маусымда болуына тыйым салынсын.
Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы жоғары өрт қауіптілігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген) бекітілген ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.».

2 2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы