Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 177 «Об утверждении Правил определения единого оператора по распределению внебюджетных денежных средств, направленных на развитие физической культуры и спорта»

Бұйрық · № 140 · қабылданған 22.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2023-no-177/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 177 «Об утверждении Правил определения единого оператора по распределению внебюджетных денежных средств, направленных на развитие физической культуры и спорта» Қолданыста Бұйрық ·№ 140 ·22.07.2025
22.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 177 «Об утверждении Правил определения единого оператора по распределению внебюджетных денежных средств, направленных на развитие физической культуры и спорта»

Қолданыста Бұйрық ·№ 140 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 177 «Об утверждении Правил определения единого оператора по распределению внебюджетных денежных средств, направленных на развитие физической культуры и спорта»
Атауы (қаз.)
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
140
Қабылданған күні
22.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
09.08.2025
Көрсетілген редакция
22.07.2025 212707_767346.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036498
ЭКБ идентификаторы
212707
Редакция идентификаторы
212707_767346
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:09

0 «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33103 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды (бұдан әрі - Бірыңғай оператор) айқындау тәртібін белгілейді.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан бірыңғай операторды айқындау үшін дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комиссия өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашу және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөнінде отырыс өткізеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрдің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша конкурсына қатысуға өтініш

Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 140
бұйрығына қосымша
Дене шынықтыру мен спортты
дамытуға бағытталған бюджеттен
тыс ақшаны бөлу жөніндегі
біріңғай операторды айқындау
қағидаларына қосымша
Нысан
Кімге:
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі біріңғай операторларды айқындау жөніндегі комиссия төрағасына
Кімнен:
____________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету, заңды мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша конкурсына қатысуға өтініш
Осы өтінішпен______________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету)
бағыты бойынша дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша
конкурсына қатысуға ниетті.
Қазақстан Республикасы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді толтыру күні: : 20___ жылғы «____»__________.
Лауазымы (қолы)
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөр орыны ( болған жағдайда)

Қолданыстағы