О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 11 октября 2023 года № 186 «Об утверждении Правил назначения и проведения проверки законности источников приобретения (происхождения) актива»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 11 октября 2023 года № 186 «Об утверждении Правил назначения и проведения проверки законности источников приобретения (происхождения) актива»
- Атауы (қаз.)
- «Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 11 қазандағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 135
- Қабылданған күні
- 21.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2026 I229223_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039666
- ЭКБ идентификаторы
- 229223
- Редакция идентификаторы
- I229223_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 26.08.2026 03:30
0 «Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын
тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2023 жылғы 11 қазандағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 11 қазандағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тексеру активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының не бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасарының тексеруге бастамашы болған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы баянатының негізінде қабылданатын шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаулының нөмірі және күні, қаулыға қол қоятын активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының не бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасарының, не өзге де уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тексеру негіздері;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тексеруді тағайындау туралы қаулы өзінің меншігінде, пайдалануында, иелігінде және (немесе) бақылауында актив болатын (болған) субъектіге және (немесе) оның үлестес тұлғасына не заңды тұлғаның басшысына активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның іс жүргізу жөніндегі цифрлық жүйесі арқылы жіберіледі.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеруді жүргізетін адамдардың құрамы, тексеру нысанасы мен кезеңі тексеруді тағайындаған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының не бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасарының, не өзге де уәкілетті лауазымды адамның шешімі бойынша өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.»;
14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған тексеру сараптама, осы активке байланысты өзге де тексеру тағайындалған жағдайларда, сондай-ақ шет мемлекеттерден мәліметтер мен құжаттарды алу қажет болған кезде және тексеру жүргізуге кедергі келтіретін өзге де жағдайларда, оның ішінде аудит, активті бағалау, прокурордың талап етуі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган тексеру тағайындаған кезінде, басқа мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан, жеке тұлғалардан қосымша материалдарды талап ету кезінде, келісу рәсімдерін жүргізу және Заңның 25-бабында көзделген келісімдердің шарттарын айқындау кезінде тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының келісуі бойынша тексеруді жүргізуге, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқа құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура органдары ведомстволарының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралардың, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралардың қызметкерлері тартылуы мүмкін.»;
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама тағайындау туралы қаулыны активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары, не өзге де уәкілетті лауазымды адам шығарады.»;
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңдылық пен қоғамдық тәртіпке, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздері мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қайтымсыз салдарлардың туындауына қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, тексерілетін активтің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қызметкерлерді және (немесе) мамандарды (жұмыскерлерді) бөлу, мәліметтер мен істерді талап ету туралы талаптарға активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары, не өзге де уәкілетті лауазымды адам, не тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілген тұлғалар, не олардың тікелей басшылары қол қояды.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Уәкілетті органдарға жіберілетін тексеру жүргізу туралы талаптарға активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не бірінші басшысының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары, не өзге де уәкілетті лауазымды адам қол қояды.»;
29-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) активтерді пайда болуы түсініксіз активтер ретінде тану туралы соттарға талап қою туралы мәселені Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу туралы;»;
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) активтерді қайтаруға байланысты талап қоюлар беруге бастама жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асыру туралы;»;
30-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) цифрлық үкімет жүйесіндегі жеке кабинет арқылы беру тәсілдері болып табылады.».