О внесении изменений и дополнения в постановление акимата района Алтай от 11 мая 2023 года № 268 «Об утверждении правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по району Алтай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата района Алтай от 11 мая 2023 года № 268 «Об утверждении правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по району Алтай»
- Атауы (қаз.)
- «Алтай ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 268 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 12.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2024 194319_688148.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VL896816
- ЭКБ идентификаторы
- 194319
- Редакция идентификаторы
- 194319_688148
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:41
0
«Алтай ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 268 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Алтай ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8849-16 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Алтай ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2 – тармақта:
1 1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1) кондоминиум объектісі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және жеке (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
2
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;
2 2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
8
«8) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;»;