О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского областного маслихата от 11 августа 2023 года № 38 «Об утверждении правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Кызылординской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского областного маслихата от 11 августа 2023 года № 38 «Об утверждении правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Кызылординской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылорда облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 38 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 24.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2024 199249_712928.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24L000114M
- ЭКБ идентификаторы
- 199249
- Редакция идентификаторы
- 199249_712928
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:24
0 «Қызылорда облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы
№ 38 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Қызылорда облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 38 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 4-тарауы келесі редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегішаралар»;
27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
Қағидалар келесі мазмұндағы 27-1 тармағымен толықтырылсын:
«27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
ағаш діңін ақтау;
бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
шөп шабу, арамшөптерді жою;
жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
ағаш тәжін тәждеу;
ағаштардың тәжін қалыптастыру;
қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;
апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;
тыңайтқыштарды қолдану;
жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»;
59-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.».