Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в решение Уйгурского районного маслихата от 11 октября 2023 года № 8-10-52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уйгурского района»

Ереже · № 8-24-132 · қабылданған 24.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2023-no-8-10-52-ekb-198152/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменении в решение Уйгурского районного маслихата от 11 октября 2023 года № 8-10-52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уйгурского района» Қолданыста Ереже ·№ 8-24-132 ·24.06.2024
24.06.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в решение Уйгурского районного маслихата от 11 октября 2023 года № 8-10-52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уйгурского района»

Қолданыста Ереже ·№ 8-24-132 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в решение Уйгурского районного маслихата от 11 октября 2023 года № 8-10-52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уйгурского района»
Атауы (қаз.)
Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 10 қазандағы № 8-10-52 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8-24-132
Қабылданған күні
24.06.2024
Көрсетілген редакция
24.06.2024 198152_707348.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24DS613805
ЭКБ идентификаторы
198152
Редакция идентификаторы
198152_707348
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:54

0 Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 10 қазандағы № 8-10-52 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 10 қазандағы № 8-10-52 шешiмiне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
қазақ тіліндегі мәтінінде 7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:
мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;»;
7-тармақтағы 4) тармақшасы алынып тасталсын;
9-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:
оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдары туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі – үш ай;»;
9-тармақ 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс–тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):
әлеуметтік маңызы бар ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы