Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 11 июля 2024 года № 134/14 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области»

Өзге акт · № 258/29 · қабылданған 26.03.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2024-no-13414/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 11 июля 2024 года № 134/14 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области» Күшін жойған 21.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 11 июля 2024 года № 134/14 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области»

Күшін жойған Өзге акт № 258/29 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 11 июля 2024 года № 134/14 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области»
Атауы (қаз.)
Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 134/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
258/29
Қабылданған күні
26.03.2026
Қолданысқа енгізілген күні
20.04.2026
Көрсетілген редакция
21.08.2026 223698_837543.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26P025829M
ЭКБ идентификаторы
223698
Редакция идентификаторы
223698_837543
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:40
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 134/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 21.08.2026 № 299/33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 134/14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) шағын архитектуралық нысандар – сәндік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған вазалар, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);»;
4-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) монументалды-сәндік өнер туындылары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, стелалар, сәндік композициялар, обелисктер, монументалды кескіндеме туындылары;»;
3-тараудың 7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бау-бақша жиһаздарын, бау-бақша жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Бау-бақша жиһазы, бау-бақша жабдықтары және шағын сәулет нысандары, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, беседкалар, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, шатырлар, гүл құмыралары таза және жарамды күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуі тиіс.»;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Қыс мезгілінде бау-бақша жиһазының элементтері, бау-бақша жабдықтары мен шағын архитектуралық формалар, сондай-ақ оларға жақындау қар мен мұздан тазартылады.»;
157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«157. Көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар мен мұз өсуін жоюды мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе тікелей бірлесіп басқару кезіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері не кондоминиум объектілерін басқару субъектілері не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы дербес немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.