О внесении изменений в решение Каргалинского районного маслихата от 11 апреля 2024 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каргалинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Каргалинского районного маслихата от 11 апреля 2024 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каргалинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 159 «Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 377
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 215350_778205.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25CF037030
- ЭКБ идентификаторы
- 215350
- Редакция идентификаторы
- 215350_778205
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:53
0 Қарғалы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 159 «Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қарғалы аудандық мәслихатының «Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 159 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8578-04 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегінің көрсетілген мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесі бекітілсін".
Көрсетілген шешіммен бекітілген Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде:
Тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен ережелері";
9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»;