О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2025 года № 1828 «О признании поселка Заречный территорией непригодной для постоянного проживания»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2025 года № 1828 «О признании поселка Заречный территорией непригодной для постоянного проживания»
- Атауы (қаз.)
- «Заречный кентін тұрақты тұруға жарамсыз аумақ деп тану туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1804
- Қабылданған күні
- 21.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2026 229311_838438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26SA01804A
- ЭКБ идентификаторы
- 229311
- Редакция идентификаторы
- 229311_838438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 18:56
0 «Заречный кентін тұрақты тұруға жарамсыз аумақ деп тану туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Заречный кентін тұрақты тұруға жарамсыз аумақ деп тану туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1828 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 1-қосымша жаңа редакцияда 1-қосымшаға сай жазылсын.
2. 2-қосымшадағы «Комиссия құрамы мен жұмыс тәртібі» бөлімінің 1-жолы мынадай редацияда жазылсын: «Комиссия тақ санды мүшелерден, бірақ кемінде бес адамнан құрылады. Комиссия құрамына Петропавл қаласы әкімдігі қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кіреді. Комиссия отырысының кворумы комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысқан кезде қалыптасқан болып есептеледі. Отырыстар офлайн форматта (жеке қатысу арқылы), сондай-ақ онлайн форматта (бейне-конференцбайланысты пайдалану арқылы) өткізіледі. Онлайн режимде қатысу нақты қатысуға теңестіріледі және кворумды айқындау кезінде есепке алынады».
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссия құрамы
Петропавл қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «___» _______
№ ____ қаулысына
1-қосымша
Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссия құрамы
Шаймерденова
Айнұр Қайратқызы
қала әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Зуевич Эмилия
«Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» КММ құқықтық жұмыс, коммуналдық және ипотекалық тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының бас маманы
Комиссия мүшелері
Бердағұлов
Арман Сағатұлы
Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы (келісім бойынша)
Афанасьев
Павел Васильевич
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Ысқақов
Марат Жақсылықұлы
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (келісім бойынша)
Козлов
Владимир Иванович
қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қожахметов
Марат Тәшімұлы
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Жалмұқанова
Ләззат Жұматайқызы
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Иманов
Төлеген Серікұлы
ЖК «Иманов Т.С.» (келісім бойынша)
Пішенбаев
Қайрат Сәкенұлы
«Ауыл» ХДПП СҚО облыстық филиалының төрағасы (келісім бойынша)
Василенко
Дмитрий Геннадьевич
«Петропавл темір жол дабылы және байланыс дистанциясы» ППО төрағасы (келісім бойынша)
Қапкенова
Әсел Әшімқызы
«Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ сәулет, қала құрылысы және техникалық секторының меңгерушісі