Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2025 года № 683 «Об утверждении тарифов (цен) на товары (работы, услуги) государственных учреждений Вооруженных Сил, которым предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении»

Бұйрық · № 866 · қабылданған 04.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2025-no-683-ekb-228633/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2025 года № 683 «Об утверждении тарифов (цен) на товары (работы, услуги) государственных учреждений Вооруженных Сил, которым предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении» Қолданыста 04.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2025 года № 683 «Об утверждении тарифов (цен) на товары (работы, услуги) государственных учреждений Вооруженных Сил, которым предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении»

Қолданыста Бұйрық № 866 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2025 года № 683 «Об утверждении тарифов (цен) на товары (работы, услуги) государственных учреждений Вооруженных Сил, которым предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении»
Атауы (қаз.)
«Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
866
Қабылданған күні
04.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
24.08.2026
Көрсетілген редакция
04.08.2026 228633_834463.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26B0000866
ЭКБ идентификаторы
228633
Редакция идентификаторы
228633_834463
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:14
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік

мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифте (бағада):
7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Кірме теміржолдарды пайдалануға беруді ұсыну бойынша тармақ иесінің тарифі (бағасы)

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы « 4 » тамыз
№ 866 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «11» маусымдағы
№ 683 бұйрығына
7-қосымша
Кірме теміржолдарды пайдалануға беруді ұсыну бойынша тармақ иесінің
тарифі (бағасы)
Р/с

Көрсетілетін қызмет атауы
Өлшем бірлігі
Тариф, теңге (ҚҚС
есепке алмағанда)
1
Жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жол беру
теңге
1 вагон/км
824,25
2
Маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операциялары көздемеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру
теңге
1 вагон/сағат
633,72
Ескертпе:
Кірме жолдар қызметтері үшін төлемақы жүктелген және бос вагондар тармақ иесінің жолына келген кезден бастап жүзеге асырылады. Пайдаланудағы жолдың ұзақтығы келісімшарт шеңберінде тараптардың келісімі бойынша азаяды.
Қызметтердің тарифтері бір километрге және бір сағатқа дейін дөңгелектенеді үлкен жаққа.
Тармақ иесінде жеке шот болмаған кезде шарт жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен жоғары әскери басқару органы арасында жасасылады.