Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 августа 2026 года № 543 «Об утверждении Правил финансирования, использования и мониторинга средств Фонда инфраструктурного развития»

Бұйрық · № 624 · қабылданған 15.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2026-no-543-ekb-230058/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 августа 2026 года № 543 «Об утверждении Правил финансирования, использования и мониторинга средств Фонда инфраструктурного развития» Қолданыста 15.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 августа 2026 года № 543 «Об утверждении Правил финансирования, использования и мониторинга средств Фонда инфраструктурного развития»

Қолданыста Бұйрық № 624 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 августа 2026 года № 543 «Об утверждении Правил финансирования, использования и мониторинга средств Фонда инфраструктурного развития»
Атауы (қаз.)
«Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 543 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
624
Қабылданған күні
15.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.09.2026
Көрсетілген редакция
15.09.2026 I230058_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26E0000624
ЭКБ идентификаторы
230058
Редакция идентификаторы
I230058_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:04
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 543 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 543 бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

бұйрықтың преамбуласы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 676 ҚБП қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:
2 және 3-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Инфрақұрылымдық даму қоры (бұдан әрі – Қор) – ақшаны есепке жатқызу және жұмсау үшін Қаулыға сәйкес мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
2) жобалардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 129 бұйрығымен бекітілген Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларына (бұдан әрі – № 129 Қағидалары) сай келетін және Қор қаражаты есебінен әрі қарай қаржыландыру үшін Республикалық бюджет комиссиясымен (бұдан әрі – РБК) мақұлданған жобалардың тізімі;
3) кеңейтілген қазынашылық сүйемелдеу – Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабына сәйкес Тізбеге енгізілген мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуына, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері, дербес білім беру ұйымы және (немесе) оның денсаулық сақтау саласындағы ұйымы іске асыратын жобалар бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет;
4) тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының Инфрақұрылымдық даму қор қаражаты есебінен қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ИДҚ ЖУО ҚАБШ) – жергілікті атқарушы органдардың Қор қаражатының түсімдерін есепке жатқызумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
5) тиісті саланың орталық уәкілетті органының Инфрақұрылымдық даму қор қаражаты есебінен қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ИДҚ ОМО ҚАБШ) – орталық мемлекеттік органдардың Қор қаражатының түсімдерін есепке жатқызумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
6) Инфрақұрылымдық даму қор қаражаты есебінен квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ИДҚ КСС ҚАБШ) Қор қаржатын есепке жатқызуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алу үшін квазимемлекеттік сектор субъекттісіне мемлекеттік қазынашылықта ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
7) Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен дербес білім беру ұйымының қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ИДҚ ДБҰ ҚАБШ) – Қор қаражатын есепке жатқызуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алу үшін дербес білім беру ұйымына мемлекеттік қазынашылықта ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
8) Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен дербес білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ұйымының қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ИДҚ ДБҰ ДСҰ ҚАБШ) – Қор қаражатын есепке жатқызуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алу үшін дербес білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ұйымына мемлекеттік қазынашылықта ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шоты.
3. Инфрақұрылымдық даму қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық қордан берілетін трансферттер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотын (бұдан әрі – Қор ҚАБШ) ашуды және Қор ҚАБШ-дан қаражат аударуды жүзеге асырады, Қор қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуді, сондай-ақ Қордың түсімдері мен шығыстары туралы есептерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.».
6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«6. Тізбе жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тиісті саланың орталық уәкілетті органдарының (бұдан әрі – ОМО) өтінішхаттары негізінде қалыптастырады.
7. Жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – КСС), дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – ДБҰ) және (немесе) оның денсаулық сақтау саласындағы ұйымының (бұдан әрі – ДБҰ ДСҰ) жобаларын қаржыландыру кезінде ОМО тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдары (бұдан әрі – ЖУО), КСС, ДБҰ және (немесе) ДБҰ ДСҰ ұсынылған өтінішхаттарын олардың Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық құжат айналымы арқылы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
ЖУО-ның, КСС-ның, ДБҰ-ның және (немесе) ДБҰ ДСҰ-ның Тізбе жобасына енгізуге өтінішхаты осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысанға сәйкес келмеген кезде, ОМО өтінішхатты ЖУО-ға, КСС-ға, ДБҰ-ға және (немесе) ДБҰ ДСҰ-ға қайтаруды жүзеге асырады.
ЖУО-ның, КСС-ның, ДБҰ-ның және (немесе) ДБҰ ДСҰ-ның өтінішхаты белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, ОМО оны мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, оның ішінде мемлекеттік органдардың немесе астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың даму жоспарларына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларына және (немесе) іс-шарларына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымының ұзақ мерзімді даму стратегияларына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды алу үшін бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Сонымен қатар өтінішхат Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды № 129 Қағидаларына сәйкес болуы тиіс.
ОМО-ның Тізбе жобасына енгізуге арналған өтінішхаты ЖУО-дан, КСС-дан, ДБҰ-дан және (немесе) ДБҰ ДСҰ-дан келіп түскен өтінішхаттар және ОМО-ның өзінің өтінішхаты бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір объект бойынша жасалады.
8. ОМО өтінішхаты ведомстволық бюджет комиссиясы (бұдан әрі – ВБК) қарауға енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттар болған кезде қарайды:
1) құрылыс нормативтеріне немесе коммерциялық ұсыныстарға сәйкес мемлекеттік инвестициялық жобаның құны бойынша есептер мен негіздемелер.
2) қаражат бөлудің негізділігін растайтын құжаттар мен мәліметтер;
3) жергілікті атқарушы органдардың жобалары қаралған жағдайда – астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың әкімі қол қойған ЖУО-ның өтінішхаты, оған ЖУО басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған түсіндірме жазба қоса беріледі;
4) ОМО басшысының орынбасары қол қойған түсіндірме жазба;
5) инвестициялық ұсынысқа салалық сараптаманың қорытындысы;
6) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы;
7) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды;
8) бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы ережелерге сәйкес келетін құжаттама қоса беріле отырып жолданады.
ВБК мақұлдаған ОМО-ның өтінішхаты (өңірлер мен объектілер бөлінісінде) 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы РБК-ның қарауына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттармен бірге жіберіледі:
1) мыналар көрсетілген объектілер тізімі:
жобаларды іске асыру мерзімдері;
жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындыларына сәйкес жобалардың құны;
2) ВБК хаттамасы;
3) ОМО-ның өтінішхаты;
4) ЖУО-ның өтінішхаты (жергілікті атқарушы органдардың жобалары қаралған жағдайда);
5) республикалық инвестициялық жобалар бойынша қаражат бөлудің негізділігін растайтын құжаттар мен мәліметтер.
ДБҰ және (немесе) ДБҰ ДСҰ жобалары бойынша өтінішхатқа қосымша:
1) жобаның ДБҰ-ның ұзақ мерзімді даму стратегиясына енгізілгенін растайтын құжат;
2) ДБҰ-ның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қойған ДБҰ өтінішхаты;
3) жобаны ДБҰ ұйымы іске асырған жағдайда – мұндай ұйымның жобаны іске асыру жөніндегі өкілеттіктерін растайтын құжаттар, сондай-ақ ұйымның бірінші басшысы қол қойған түсіндірме жазба қоса беріледі.
9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ОМО өтінішхаты негізінде Қор қаражаты шегінде Тізбе жобасын қалыптастырады.
Тізбе жобасы әрбір объект бойынша көрсетіле отырып, объектілер тізбесінен тұрады:
жобаларды іске асыру мерзімдері;
жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындылары бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылысы туралы ережелерге сәйкес келетін құжаттамаға сәйкес жобалардың құны.
10. РБК мақұлдаған және Қор қаражаты есебінен қаржыландыру үшін Тізбеге енгізілген жобалардың құны РБК шешім қабылдаған күнгі Қор шотындағы қаражат сомасынан немесе Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің хаттамасында көрсетілген сомадан аспауға тиіс.
11. РБК мақұлдаған Тізбе 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем құжаттарын қалыптастыру, сондай-ақ Қор қаражатының пайдаланылуына одан әрі мониторинг жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, мемлекеттік қазынашылыққа, тиісті ОМО-ға, ЖУО-ға, КСС-ға, ДБҰ-ға және (немесе) ДБҰ ДСҰ-ға жіберіледі.».
16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«16. Қор ҚАБШ-нан ИДҚ ОМО ҚАБШ-на қаражат аударуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган РБК шешіміне және Тізбеге сәйкес «Қазынашылық-клиент» цифрлық жүйесі арқылы төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
ИДҚ ОМО ҚАБШ-нан қаражатты одан әрі аудару тапсырыс берушіге және оның ведомстволық (ұйымдық) тиесілігіне қарай «Қазынашылық-клиент» цифрлық жүйесі арқылы төлеуге берілетін шоттың не төлем тапсырмасының негізінде мынадай тәртіппен дәйекті түрде жүзеге асырылады:
1) егер тапсырыс беруші тиісті ЖУО-ға жататын КСС болып табылса – ИДҚ ОМО ҚАБШ-нан ИДҚ ЖУО ҚАБШ-на және одан әрі ИДҚ ЖУО ҚАБШ-нан ИДҚ КСС ҚАБШ-на;
2) егер тапсырыс беруші тиісті ОМО-ға тікелей жататын КСС болып табылса – ИДҚ ОМО ҚАБШ-нан ИДҚ КСС ҚАБШ-на;
3) егер тапсырыс беруші ДБҰ болып табылса – ИДҚ ОМО ҚАБШ-нан ИДҚ ДБҰ ҚАБШ-на;
4) егер тапсырыс беруші ДБҰ-ның ДСҰ болып табылса – ИДҚ ОМО ҚАБШ-нан ИДҚ ДБҰ ҚАБШ-на және одан әрі ИДҚ ДБҰ ҚАБШ-нан ИДҚ ДБҰ ДСҰ ҚАБШ-на.
17. Жобаларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар бойынша есеп айырысу үшін ИДҚ ОМО ҚАБШ-нан, ИДҚ ЖУО ҚАБШ-нан, ИДҚ КСС ҚАБШ-нан, ИДҚ ДБҰ ҚАБШ-нан, ИДҚ ДБҰ ДСҰ ҚАБШ-нан төлемдер жүргізу:
1) ОМО және ЖУО – төлеуге берілетін шот негізінде;
2) КСС, ДБҰ және (немесе) ДБҰ ДСҰ – төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
Аванстық (алдын ала) төлем жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, төлеуге берілетін шотқа немесе төлем тапсырмасына орындалған жұмыстар актілері қоса беріледі.
Төлем құжаттарын қалыптастыру және жіберу «Қазынашылық-клиент» цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың 21-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есеп айырысу тәсілі таңдалған кезде одан әрі есеп айырысу осы Қағидалардың 21-1-тармағында және Рәсімдерде белгіленген тәртіппен цифрлық теңге платформасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
18. РБК мақұлдаған Тізбеге енгізілмеген жобаларды іске асыруға ИДҚ ОМО ҚАБШ-сынан, ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сынан, ИДҚ КСС ҚАБШ-сынан, ИДҚ ДБҰ ҚАБШ-сынан, ИДҚ ДБҰ ДСҰ ҚБАШ-сынан қаражат жұмсауға жол берілмейді.
19. Қордың ҚАБШ-сын, ИДҚ ОМО ҚАБШ-сын, ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сын, ИДҚ КСС ҚАБШ-сын, ИДҚ ДБҰ ҚАБШ-сын, ИДҚ ДБҰ ДСҰ ҚАБШ-сын ашу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 «Бюджетті қазынашылық атқару және оған кассалық қызмет көрсету, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Бюджетті қазынашылық атқару және оған кассалық қызмет көрсету, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің (бұдан әрі – Рәсімдер) 4-тарауының 3 және 8-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тізбеге енгізілген жобаларды іске асыру тиісті саланың ОМО ведомствосына (комитетіне) жүктелген жағдайда, ведомствоға (комитетке) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған құжаттарды мемлекеттік қазынашылық органына тиісті саланың ОМО ұсынады.
Тізбеге енгізілген жобаларды іске асыру ДБҰ-ға және (немесе) ДБҰ ДСҰ-ға жүктелген жағдайда, ДБҰ-ға және (немесе) ДБҰ ДСҰ-ға қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған құжаттарды мемлекеттік қазынашылық органына тиісінше ДБҰ немесе (және) ДБҰ ДСҰ ұсынады.
Тізбеге енгізілген жобаларды іске асыру КСС-ке жүктелген жағдайда, қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған құжаттарды мемлекеттік қазынашылық органына КСС ұсынады.
20. Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру шеңберінде жасалатын ОМО, ЖУО, КСС, ДБҰ және (немесе) ДБҰ ДСҰ азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
21. Осы Қағидалардың 21-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп айырысу тәсілі таңдалған кезде ИДҚ ОМО ҚАБШ-дан, ИДҚ ЖУО ҚАБШ-дан, ИДҚ КСС ҚАБШ-дан, ИДҚ ДБҰ ҚАБШ-дан және ИДҚ ДБҰ ДСҰ ҚАБШ-дан қаражат Рәсімдерде және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бас мердігердің сатып алулар ҚАБШ-сына аударылады.»;
келесі мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. Қор қаражаты есебінен жобаларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар бойынша есеп айырысу мына тәсілдердің бірімен:
1) кеңейтілген қазынашылық сүйемелдеуді қолдана отырып, Қор қаражатын бас мердігердің сатып алулар ҚАБШ-сына аудару арқылы;
2) тапсырыс берушінің цифрлық теңгені пайдалана отырып, қаражатты цифрлық теңге платформасында екінші деңгейдегі банкте ашылған бас мердігердің (өнім берушінің) цифрлық шотына тікелей аударуды арқылы жүзеге асырылады.
Есеп айырысу тәсілін тапсырыс беруші айқындайды және бас мердігермен (өнім берушімен) жасалатын шартта көрсетіледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген есеп айырысу тәсілі таңдалған кезде бас мердігер (өнім беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 42 қаулысымен бекітілген Цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38625 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 42 Қағидалар) белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банк цифрлық теңге платформасында ашқан цифрлық шоттың болуын қамтамасыз етеді.
Тапсырыс беруші тиісті жоба бойынша № 42 Қағидаларда белгілінген тәртіппен цифрлық теңгенің смарт-келісімшарттын қалыптастырады.
Тиісті жоба бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші «Ақшаны алушы/Бенефициар» жолында цифрлық теңге платформасында екінші деңгейдегі банкте ашылған цифрлық шоттың деректемелерін көрсете отырып, төлеуге берілетін шотты/төлем тапсырмасын қалыптастырады және оны «Қазынашылық-клиент» цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қазынашылық органына жібереді.
Бұл ретте Мемлекеттік қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, тапсырыс берушінің төлеуге берілетін шотында/төлем тапсырмасында көрсетілген сома шегінде қолма-қол ақшасыз теңгені цифрлық теңгеге айырбастауды және оларды бас мердігердің (өнім берушінің) цифрлық шотына есепке жатқызуды жүзеге асырады.
Бас мердігердің қосалқы мердігерлермен, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өнім берушілермен және жобаны іске асыруға тартылатын өзге де тұлғалармен кейінгі есеп айырысулары кооперацияның бүкіл тізбегі бойынша № 42 Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, цифрлық теңгені көрсетілген тұлғалардың цифрлық шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.»;
22, 23 және 24-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«22. ИДҚ ОМО ҚАБШ, ИДҚ ЖУО ҚАБШ, ИДҚ КСС ҚАБШ, ИДҚ ДБҰ ҚБШ, ИДҚ ДБҰ ДСҰ ҚБШ-сынан Қор қаражатын пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу Рәсімдердің 6-тарауының 7, 8, 9 және 10-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қор қаражаты есебінен төлемдер бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 462 «Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын жұмсау» ерекшелігі бойынша жүргізіледі.
23. Осы Қағидалардың 21-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсілмен есеп айырысу жүзеге асырылған кезде Қор қаражаты есебінен жобалар бойынша төлем жүргізу ОМО және (немесе) ЖУО және (немесе) КСС және (немесе) ДБҰ және (немесе) ДБҰ ДСҰ (тапсырыс беруші) бас мердігермен (өнім берушімен) жасасқан шарттың (келісімшарттың) бүкіл сомасына кеңейтілген қазынашылық сүйемелдеуді қолдана отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін бас мердігерлерге мемлекеттік қазынашылықта тек тиісті жоба бойынша операцияларды есепке алуға арналған бас мердігердің сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі – бас мердігердің сатып алудың ҚАБШ) ашылады.
Бас мердігердің сатып алудың ҚАБШ-сын ашу Рәсімдердің 8-тарауының 2-параграфына сәйкес және осы Қағидалардың ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Көрсетілген бас мердігердің сатып алудың ҚАБШ-сында есепке алынатын қаражат тек тиісті жобаны іске асыру мақсаттарына пайдаланылады және өзге міндеттемелерді қаржыландыруға пайдаланылмайды.
24. Осы Қағидалардың 21-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсілмен есеп айырысу жүзеге асырылған кезде бас мердігердің сатып алулар ҚАБШ-сынан қаражат жұмсау осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.»;
27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«27. ИДҚ ОМО ҚАБШ-сында, ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сында, ИДҚ КСС ҚАБШ-сында, ИДҚ ДБҰ ҚАБШ-сында, ИДҚ ДБҰ ДСҰ ҚАБШ-сында мердігерлік жұмыстарды сатып алу қорытындылары бойынша не аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау кезінде қаражат үнемі пайда болған жағдайда, тиісті тапсырыс беруші бір ай мерзімде үнем сомасын тікелей Қордың ҚАБШ-сына қайтарады.»;
аталған Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

3. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Өтінішхат

Бұйрыққа қосымша
Инфрақұрылымдық даму
қорын қаржыландыру, оның
қаражатын пайдалану және
мониторингтеу қағидаларына
1-қосымша
Өтінішхат
Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларына, өлшемшарттарына сәйкес орталық мемлекеттік орган/жергілікті уәкілетті орган/квазимемлекеттік сектор субъектісі/дербес білім беру ұйымы және (немесе) оның денсаулық сақтау саласындағы ұйымы___________________________________________________
(жобаның атауын көрсету) Тізбе жобасына енгізуді сұрайды.
Жобаның негізгі сәйкестендіру сипаттамалары:
1) сметалық құны ________ мың теңге , оның ішінде жобалау-іздестіру жұмыстары ________ мың теңге;
1.1) шарттар бойынша құны (басталған жобалар бойынша) ________ мың теңге, бұрын қаржыландырылған шығыстар туралы ақпарат (қаржыландыру көздері мен жылдар бөлінісінде) ________ мың теңге;
1.2) бұрын қаржыландырылған шығыстар бойынша алынған аванс сомасы (қаржыландыру көздері мен жылдар бойынша бөлінісінде) ________ мың теңге;
2) жобаның (техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың) кешенді ведомстводан тыс сараптамасының 20__ жылғы «___» ________ № ___ оң қорытындысы;
3) мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша 20__ жылғы «___» ________ № ___ салалық қорытынды;
4) мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша 20__ жылғы «___» ________ № ___ экономикалық қорытынды;
5) жер учаскесіне құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (кадастрлық нөмірі);
6) жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы 20__ жылғы «___» ________ № ___ бұйрық;
7) бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті органның жобаның мыналарға сәйкестігі туралы қорытындысы:
а) мемлекеттік органдардың немесе астананың республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын және (немесе) іс-шараларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына:
__________________________________________;
(сәйкес келеді/сәйкес келмейді)
б) Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларында, өлшемшарттарында айқындалған өлшемшарттардың біріне:
__________________________________________.
(өлшемшарттың атауы)
Инвестициялық жоба бойынша Қордан талап етілетін қаржыландыру сомасы:________________________________________________ мың теңге.
(цифрмен және жазбаша)
Орталық мемлекеттік органның басшысы/ квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы/ дербес білім беру ұйымының және (немесе) оның денсаулық сақтау саласындағы ұйымының басшысы/ астананың, республикалық маңызы бар қаланың және облыстың әкімі
___________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөр орны