Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 мая 1993 года № 384

Қаулы · № 1260 · қабылданған 12.09.1995
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-1993-no-384/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 мая 1993 года № 384 Күшін жойған Қаулы ·№ 1260 ·12.09.1995
02.04.1996 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 мая 1993 года № 384

Күшін жойған Қаулы ·№ 1260 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 мая 1993 года № 384
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы № 384 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1260
Қабылданған күні
12.09.1995
Көрсетілген редакция
02.04.1996 AI1449_0.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P950001260_
ЭКБ идентификаторы
1449
Редакция идентификаторы
AI1449_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:31

0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы № 384 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 03.04.1996 № 1260 қаулысымен.
"Байқоңыр" аэроғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен жағдайлары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келiсiмге қол қойылуына, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шартына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 17, 199-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақтың екiншi абзацындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағының ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн және аэроғарыш инфрақұрылымын ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен халықаралық ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн тиiмдi пайдалану мен дамытуды қамтамасыз ету" сөздерi "Ресей Федерациясы жалға алған объектiлерге кiрмейтiн "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса алғанда Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымы объектiлерiнiң ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен халықаралық ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн сақталуын және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету" сөздерiмен алмастырылсын;
2-тармаққа мынадай редакциядағы үшiншi абзац енгiзiлсiн:
"Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдалану жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыру";
5-тармақтағы "65" цифры "31" цифрына және "30 цифры "10" цифрына алмастырылсын.

2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 384 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы Ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
4-тармақтың екiншi абзацындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағының ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн және аэроғарыш инфрақұрылымы ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен халықаралық ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн тиiмдi пайдалану мен дамытуды қамтамасыз ету" сөздерi "Ресей Федерациясы жалға алған объектiлерге кiрмейтiн "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса алғанда Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымы объектiлерiнiң ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн сақталуын және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету" сөздерiмен алмастырылсын;
4-тармаққа мынадай редакциядағы үшiншi абзац енгiзiлсiн:
"Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдалану жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыру";
5-тармақтың сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жыл сайын Ресей Федерациясының Үкiметi немесе өкiлеттi органдары ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағын ракеталық-ғарыштық техникаларды ұшыру жоспарын мүдделi министрлiк пен ведомстволар бiрлесiп қарайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi";
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шарты жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырады";
5-тармақтың тоғызыншы абзацы алынып тасталсын;
7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас директордың Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындаған екi орынбасары және құрамы бес адамнан тұратын алқасы болады".

Қолданыстағы