О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 декабря 2000 года N 692 "Об утверждении Инструкции о персональном распределении выпускников учебных заведений МВД Республики Казахстан и об организации работы с молодыми специалистами"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 декабря 2000 года N 692 "Об утверждении Инструкции о персональном распределении выпускников учебных заведений МВД Республики Казахстан и об организации работы с молодыми специалистами"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 692 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 20.04.2006
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2013 AI27576_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004223_
- ЭКБ идентификаторы
- 27576
- Редакция идентификаторы
- AI27576_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:33
0 "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 692 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 692 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1364 болып тіркелген, 2001 жылғы ақпан айында N 3 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтағы "ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін жеке бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша "ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "КжТЖД" деген аббревиатура "КЖД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша "және тәрбие" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақта:
"басқармасы" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - КЖД)" деген сөздермен толықтырсын;
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ішкісминінің Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің (бұдан әрі - КжТЖД)" деген сөздер "КЖД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
8-тармақтың 3) тармақшасындағы "1,5 жасқа" деген сөздер "3 жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жас мамандарды және Ішкі істер министрлігі оқу орындарының күндізгі бөлімдерін бітіргеннен кейін бес жылдан кем жұмыс істеген ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтен босату КЖД-нің келісімімен ғана жүргізіледі.".