О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі № 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 626
- Қабылданған күні
- 04.06.2004
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2013 AI20026_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000626_
- ЭКБ идентификаторы
- 20026
- Редакция идентификаторы
- AI20026_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:02
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі № 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткiзудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
6-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, жеке куәлiктiң коды және штрих-коды көрсетіледi.";
28-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Азаматтарды тiркеу тұрақты тұрғылықты жерi бойынша, оның iшiнде тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, саяжай бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң тұрғын үй құрылыстарында, интернат-үйлерiнде, тұрғын үйге бейiмделген қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылады.".