О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1184
- Қабылданған күні
- 08.12.2006
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2013 AI30543_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060001184_
- ЭКБ идентификаторы
- 30543
- Редакция идентификаторы
- AI30543_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:34
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шілдедегi N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
10-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресiмделедi:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға;
шет мемлекеттердiң аумағында орналасқан оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алушыларға;
шет мемлекеттерде кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқандарға;
көрсетілген адамдардың олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне;
шетелде дипломатиялық қызметтiң персоналымен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтiк паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Ереженiң 10-тармағының үшiншi абзацында көрсетiлген адамдар жоғарыда көрсетiлген құжаттардан бөлек, сондай-ақ олардың тұру; оқу; жұмыс iстеу отбасылық жағдайы фактiсiн; растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.".