Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063

Қаулы · № 696 · қабылданған 17.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2000-no-1063/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063 Күшін жойған Қаулы ·№ 696 ·17.08.2007
26.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063

Күшін жойған Қаулы ·№ 696 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
696
Қабылданған күні
17.08.2007
Көрсетілген редакция
26.08.2013 AI34763_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000696_
ЭКБ идентификаторы
34763
Редакция идентификаторы
AI34763_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:08

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу

ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына(Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай толықтырулар мен
өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының
халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде жеке басын
куәландыратын құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтарына
әділет органдары растайтын уақытша тұратын жері бойынша, заңнамада
белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары растайтын нақты тұрған
жері бойынша беріледі.";
3-бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азаматтарды тіркеу тәртібі";
27-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекен-жайы болып
табылады.";
28-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтарды тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша
серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында,
жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде,
профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде,
пансионаттарда, қарттар үйлерінде, қызметтік ғимараттар мен
үй-жайларда жүзеге асырылады.";
30-тармақтың бесінші абзацындағы "әскери комиссарлардың"
деген сөздер "әскери басқарманың жергілікті органдарының" деген
сөздермен ауыстырылсын;
33-тармақта:
екінші абзацтағы "тұрғын үй-жайлары" деген сөздер
"ғимараттары мен үй-жайлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтарды тіркеу кітабы жеке тұлғаның тіркелген жерін
растайтын құжат болып табылады. Заңнамада белгіленген жағдайларда
азаматтарды тіркеу кітабы немесе оның көшірмесі мүдделі органдарға
ұсынылады.";
төртінші абзац алынып тасталсын;
41-тармақтың үшінші абзацындағы "меншігінде" деген сөзден
кейінгі "тұрғын" деген сөз алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы