О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года № 471
Күшін жойған
Жарлық
·№ 1514
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года № 471
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1514
- Қабылданған күні
- 25.01.2005
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2010 AI22666_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U050001514_
- ЭКБ идентификаторы
- 22666
- Редакция идентификаторы
- AI22666_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:14
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
1-тармақ "уақтылы атқаруды" деген сөздерден кейін "және жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.".