Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 12 февраля 2002 года № 32 "Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права на наземное телерадиовещание в Республике Казахстан"

Бұйрық · № 69 · қабылданған 18.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2002-no-32-ekb-46311/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 12 февраля 2002 года № 32 "Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права на наземное телерадиовещание в Республике Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 69 ·18.05.2009
31.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 12 февраля 2002 года № 32 "Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права на наземное телерадиовещание в Республике Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 69 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 12 февраля 2002 года № 32 "Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права на наземное телерадиовещание в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
69
Қабылданған күні
18.05.2009
Көрсетілген редакция
31.05.2012 AI46311_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005691_
ЭКБ идентификаторы
46311
Редакция идентификаторы
AI46311_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:04

0 "Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1148 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 22 қарашада N 3938 тіркелген, 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 160-161 (785) "Заң газетінде" жарияланған) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 286 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен "Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 32 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне жүктелсін".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесінде:
2-тармақта:
бірінші сөйлемдегі ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – Үміткер) конкурсқа қатысу туралы өтінімдерін қарауды және жеңімпазды айқындау бойынша шешім қабылдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған Қазақстан Республикасында Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады."
4-тармақта:
бірінші бөлігіндегі "оның өтуінен 30 күн" деген сөздер "оны өткізу күніне дейін отыз күнтізбелік күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
4), 5) тармақшалар алынып тасталсын;
5-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақтағы "10 (он)" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтінім әрбір радиожиілік бойынша жеке ұсынылады (1-қосымша);";
3) тармақшада:
"мемлекеттік тіркеу туралы" деген сөзден кейін "(қайта тіркеу)" деген сөзбен толықтырылсын және ", бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы куәлігі" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзац "куәландыратын" деген сөзден кейін "және кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға желімделген конвертте тігілген түрде, нөмірленген беттерімен және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталып ұсынылады.";
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Үміткерлердің өтінімдерін қарау, сондай-ақ конкурстың жеңімпазын анықтау конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген әрбір радиожиілік бойынша жүзеге асырылады.
Егер конкурсқа бір ғана Үміткер қатысуға жіберілген болса, онда радиожиілік жөніндегі конкурс өткізілмеген болып танылады.
19. Радиожиіліктің нақты номиналдарын пайдалана отырып жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын иелену үшін өткізілген конкурстың жеңімпаздары комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.
Үздік шығармашылық, техникалық және қаржылық ұсыныстар берген қатысушы конкурстың жеңімпазы деп танылады.".
аталған Ережеге 1-қосымшаның 4-тармағы алынып тасталсын;
аталған Ережеге 2-қосымшаның "Қаржылық ұсыныстар" тарауындағы үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы