Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 12 мая 2003 года N 197 "О перемещении товаров под таможенным контролем"

Бұйрық · № 195 · қабылданған 20.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2003-n-197/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 12 мая 2003 года N 197 "О перемещении товаров под таможенным контролем" Күшін жойған Бұйрық ·№ 195 ·20.05.2005
01.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 12 мая 2003 года N 197 "О перемещении товаров под таможенным контролем"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 195 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 12 мая 2003 года N 197 "О перемещении товаров под таможенным контролем"
Атауы (қаз.)
"Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
195
Қабылданған күні
20.05.2005
Көрсетілген редакция
01.01.2011 AI24696_3.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003715_
ЭКБ идентификаторы
24696
Редакция идентификаторы
AI24696_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:43

0 "Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша өткізілетін тауарларды жеткізуге бақылауды күшейту, Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің бақылауында тұрған тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде пайдаланылатын электронды пломбалардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының кедендік статистикасын қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 197  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2318 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 537  бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тауарлардың жеткізілуін бақылаудың мынадай бағандары толтырылады: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 25, 29, 31, 32, 33, 35, 38, 40, 42 және 44, 46-бағандарының 2, 7-тармақтары (компьютердің басылым құрылғысында немесе басу машинкасында бас әріптермен), 50, 53, 54, А, С, Д.";
9-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Декларацияның түрі" 1-бағаны":
бірінші қосымша бөлікте тауарлар мен көлік құралдарын өткізу бағыты қойылады:
ИМ - Қазақстан Республикасының аумағына жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін әкелу кезінде;
ТР - "тауарлар транзиті" кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде;
ВТ - бұрын өзге де кедендік рәсімдерге (уақытша сақтау орындары, кеден қоймасы және тағы басқалар) орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу кезінде;
ТТ - тауарлар мен көлік құралдарын шетел мемлекетінің аумағы арқылы бір кеден органынан басқа кеден органына өткізу кезінде;
екінші қосымша бөліктері толтырылмайды, ал үшінші қосымша бөлікте ЖБҚ көрсетіледі.";
жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтар алынып тасталсын;
отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сенімгер" 50-бағанында - тауарларды IКТ рәсіміне сәйкес тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы туралы мәліметтер (тасымалдаушының атауы, мекен-жайы, оның баратын кеден органына дейін тауарды жеткізетіндігі туралы міндеттемесі, тасымалдаушы өкілінің аты-жөні және қолы); баратын кеден органына дейін жеткізу мерзімі көрсетіледі.
Тауарлар мен көлік құралдарын Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған жөнелтуші кеден органынан Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған межелі кеден органына дейін өткізу жағдайында бағанда тасымалдаушының межелі кеден органына дейін электронды пломбаны (номерін көрсетіп) өзгеріссіз жайда жеткізу және беру туралы міндеттемесі көрсетіледі.
Бағанды өз қолымен тасымалдаушының өкілі толтырады.".
Осы бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру ережесі:
мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Кедендік алып жүру үшін қажетті құжаттарға (кедендік алып жүру туралы шешім, қабылдау-беру актісі, жоспар тапсырма) мынадай сызба бойынша қалыптастырылатын бірыңғай тіркеу номері беріледі:
1111-22222-33445, мұнда
1 - тіркеу журналы бойынша реттік номері,
2 - кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдаған кеден органының коды,
3 және 4 - тіркеудің тиісті күні мен айы,
5 - ағымдағы жылдың соңғы саны".

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.

Қолданыстағы