Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 12 декабря 2003 года N 312-ОД "Об утверждении Правил раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов операторами связи по видам услуг телекоммуникаций, регулируемых в соответствии с законодательством о естественных монополиях и антимонопольным законодательством"

Бұйрық · № 90-ОД · қабылданған 18.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2003-n-312/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 12 декабря 2003 года N 312-ОД "Об утверждении Правил раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов операторами связи по видам услуг телекоммуникаций, регулируемых в соответствии с законодательством о естественных монополиях и антимонопольным законодательством" Күшін жойған Бұйрық ·№ 90-ОД ·18.03.2005
22.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 12 декабря 2003 года N 312-ОД "Об утверждении Правил раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов операторами связи по видам услуг телекоммуникаций, регулируемых в соответствии с законодательством о естественных монополиях и антимонопольным законодательством"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 90-ОД · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 12 декабря 2003 года N 312-ОД "Об утверждении Правил раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов операторами связи по видам услуг телекоммуникаций, регулируемых в соответствии с законодательством о естественных монополиях и антимонопольным законодательством"
Атауы (қаз.)
"Табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттеліп көрсетілетін телекоммуникациялар қызметтерінің түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 312-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
90-ОД
Қабылданған күні
18.03.2005
Көрсетілген редакция
22.05.2020 23526_485461.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003532_
ЭКБ идентификаторы
23526
Редакция идентификаторы
23526_485461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:01

0

"Табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттеліп көрсетілетін телекоммуникациялар қызметтерінің түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 312-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттеліп көрсетілетін телекоммуникациялар қызметтерінің түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінің тізілімінде N 2649 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 312-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы";
1-тармақта:
"сәйкес" деген сөзден кейін "телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"реттелетін телекоммуникациялардың қызметтер түрлері бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтағы "Жергілікті желілер торабын пайдалана отырып, телекоммуникациялар қызметтерін көрсететін" деген сөздер "Телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлерін ұсынатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар туралы заңнамаға және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттеліп көрсетілетін телекоммуникациялар қызметтерінің түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша байланыс операторларының табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) бөлектеп есепке алуды жүргізудің негізгі қағидаттарын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектілері болып танылатын байланыс операторларының бөлектеп есепке алуды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындайды";
2-тармақта:
"табиғи монополия субъектілері мен үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілердің қызметін бақылау мен бағалық реттеуді жүзеге асыратын" деген сөздер "табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес қызметтер түрі" деген сөздер "реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес қызметтердің, сондай-ақ мемлекет реттейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағалар (тарифтер) қолданылатын қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, "Қазақтелеком" және "Транстелеком" акционерлік қоғамдарының, "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің төрағасы
2005 жылғы 23 наурыз

Қолданыстағы